Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера тем

ФИО автора:Муканова Гульбану Мукашевна
Основной файл:Скачать файл

 

ТАРАУ: 9.4С – Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Күні:  01.10.2019ж. Мұғалімнің аты-жөні: Муканова Г.М.
Сынып: 9 а,ә,б Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақ:Жылыжай эффектісі  және озон қабатының жұқаруы.  Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары ü  Жылыжай  эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу  себептерін білу

ü  Жылыжай эффектінің салдарының гидросфера,атмосфераға және биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау

Сабақтың мақсаттары —         Оқушылар жылыжай  эффектісі себептері мен салдарларын біледі.

—         Жылыжай эффектісін туғызатын газдарды азайту жолдарын болжады

—         Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды

—         Деректер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін сараптап жылыжай эффектісіне дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерийлері ü  Жылыжай эффектісін туындататын факторларды түсінеді;

ü  Озон қабатындағы жұқару себептерін талдайды;

ü  Жылыжай эффектісі салдарын біледі;

ü  Жылыжай эффектісін қарқынын азайту жолдарын ұсынады;

Тілдік мақсат Озон қабаты, мұнай,газ, минералдық ресурстар, қоршаған орта, парниктік әсер, жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, ластану,жылыжай газдары .

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Атмосферасында жылыжай газдарының жиналуы…………..тудырады

Ғаламдық жылыну деген не?……………..

Адамның іс әрекетінің әсерінен экологиялық проблемалардың туындау себептері…………………………..

Құндылықтарды  дарыту Өмір бойы оқу: оқушылар топта, жұпта, жеке жұмыс жасау барысында өз білімін кеңейтуге мүмкіндік алады және жаңа ақпараттармен іздену жұмыстарын жүргізеді.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру, ашық болу

Пәнаралық байланыстар —         Азон қабаты, ғаламдық жылыну, климаттық өзгерістерді талдау арқылы география пәнімен байланыс.

—         Жылыжай әсерін туындататын химиялық заттар (CI, F, C, CO2) арқылы химиямен байланыс.

—         Ультракүлгін сәулелері толқын ұзындықтары физикамен байланыс

АКТ қолдану дағдылары Ғаламтор желісінен жылыжай эффектісінің әсері туралы суреттер және дереккөздер іздеу.
Алдын-ала білімдер Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері.
Сабақ барысы
Сабақ  жоспар кезен Сабақтағы жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы Ой-қозғау.

Оқушыларға биосферадағы жылыжай әсері  туралы суреттер қарау

Сұрақ-жауап:

1.Экология нені зерттейді?

2.Қандай жаһандық экологиялық мәселелерді білесіз?

3.Қазақстанның экологиялық мәселелерін атаңыз.

4.Экологиялық мәселелердің қалай алдын алуға болады?

5.Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін қалай шектеуге болады?

Миға шабуыл сұрақтары:

Берілген суреттер нені сипаттайды?

Бұл сурет ағзалар үшін пайдалы ма әлде зиянды ма?

Жауабыңызға дәлел келтіріңіз

Пайдалылығына бір мысал айтыңыз

Ертеректе жылыжай эффектісі болған ба? Неге?

Неге соңғы 100 жылда климат ерекше жылынды?

СО2 – нің атмосферада көбеюі табиғи факторға байланысты ма, әлде антропогендік факторға байланысты болды ма? Оны қалай дәлелдей алады?

Соңғы 50 жылда ауаның температурасы қанша градусқа көтерілді? Қай жерде көбірек: Европа елдерінің солтүстігінде ме әлде тұтастай жер шарында жылыну жүрді ме?

Суреттер

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте дәптерлерін толытуру.

Ғаламдық экологтар- біздің жерімізге тән өзгерістерді бақылау және болжау бағыттында әртүрлі зерттеулер жүргізілуде.

Жылыжай эффектісі-атмосфераның көмірқышқыл газымен және басқа шығарындылармен ластануына байласты ғаламдық экологияға стикерлер араластырып «кездейсоқтық» әдісімен топтар құру.

Сынып 3 байланысты.

Оқушыларды топтарға бөлу. Алдын ала оқушылар аттары жазылған

топқа бөлінеді.Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

І топқа «Жылыжай эффектісін» сызбасын сызу

ІІ топқа – Жылыжай эффектісін туғызатын факторларды зерттейді. (дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі,су және ауа температурасының көтерілуі)

ІІІ топқа —  Жылыжай эффектісін қоршаған ортаға әсерін жою жолдарын ұсыну (суретпен немесе сызбалармен беруге де болады)

Топтар өз постерлерін қорғайды.Әр топқа қалған екі топ мұқият тыңдап сұрақтар қояды.Постерлерді бағалау критерийлері:

—      Ғылымилылығы

—      Сызбаның дұрыстығы және көрнекілігі

—      Тақырыпты аша білу

Озон қабатының жұқаруы. Мұғалім түсіндірмесі.

Жаңа сабақ материал бекіту мақсатын бейнебаян көрсету.

Жылыжай эффектісінің және озон қабатының бұзылу салдары,олардың тірі ағзаларға әсері екі себепке байланысты бірге қарастырылуы керек. Біріншіден, озонның бұзылуына қатысты  заттар  да жылыжай эффектісін тудыратын газдар болып табылады. Бұл ХФК  — хлорфоркөміртктер деп аталатын заттар. Екіншіден, озон қабатының бұызлу себебі – төменгі қабаттарының қызуынан атмосфераның жоғарғы қабаттарының салқындауы болуы мүмкін.

 

Суреттер

 

 

Озон қабаты:

https://twig-bilim.kz/kz/film/the-ozone-layer

 

Парниктік эффект:

https://twig-bilim.kz/kz/film/the-greenhouse-effect

Презентация

 

 

Кері байланыс.  Рефлексия

à  Менің ойымша …

à  Мен мысал келтіре түсіндіре аламын …

à  Осыған негізделе , келесі қорытынды шығаруға болады…

Үйге тапсырма:§9 Жылыжай эффектісі туралы интернет желісінен соңғы зерттеулермен танысу.

 

 

 

Автор публикации

не в сети 9 месяцев

Муканова Гульбану Мукашевна

Комментарии: 0Публикации: 7Регистрация: 22-02-2020