Жаңа технологияларды пайдалана отырып физиканы оқыту

ФИО автора:Әптайжанова Мархабат Берікқызы
Основной файл:Скачать файл

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында, ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында» – деп,  елбасы  Н.Ә.Назарбаев  білім  беру  саласындағы  қызметкерлердің  жауапкершілігін  атап  көрсетті.  Әрбір  ұстаз  балаға  тиянақты,  терең  білім  беруге,  заман  талабына  сай  ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды  меңгерту,  оның  жетістіктерін  сабақ  үрдісінде  тиімді  пайдалануы  міндетті.  Мұғалім  пәнді  өзі  жетік  терең  білуімен  қатар,  оны  оқушыға  меңгерту  үшін  әр  сабақта    ғылым  мен  техника  жаңалықтарын  дұрыс  қолдана  білуі  тиіс.

Қазіргі  кезде  білім  беру  үрдісінде   50 – ден  астам  жаңа  технология  түрін  қолдану  әр  мұғалімнің  еншісінде.  Бұл технологияның  бәрін  бір  сабақта  қамту  мүмкін  емес.  Сондықтан,  әр  пәнді  оқыту  технологиясын  таңдап,  іріктеу  және  оның  іс – әрекетін  жетілдіру  арқылы  оқушының  білім  жетістіктерін  арттыруға  болады.  Мұнда,  оқушының  әрекеті – технологияны  қабылдауы,  ынтасы,  құштарлығына  көңіл  бөлуі  қажет.  Өйткені,  оқытуды  технологияландыру  қазіргі  нарықтық  экономика  жағдайында  өмір  талабынан  туындап  отыр.

Автор публикации

Комментарии: 0Публикации: 6Регистрация: 14-05-2020