«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны

ФИО автора:Нусупов Абылай Туганбаевич
Основной файл:Скачать файл

Ұлттық ойындар:

Тоғызқұмалақ

  1. Ойынға қатысты ортамен, ойын ережесімен, тарихы мен құралдарымен таныстыру:

Ойынның тарихы: Тоғызқұмалақ ойынының сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4000  жылдық тарихы бар. Оны түркі тілдес халықтардың ішінде: Қырғыз, Өзбек, Қазақ, Қарақалпақ, Түрік және Алтай елдерінде ойнайды. Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя-шұңқырлар қазылып, құмалақпен ойналған бұл ойын қазір он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады.

Ережесі:  Тоғызқұмалақ ойыны – тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысы. Бастапқыда әр отауда тоғыз құмалақтан орналасады. Ойынды солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүруге болады. Ол үшін жүріс жасалатын отаудан орнына бір құмалақ қана қалдырып, қалған сегіз құмалақты түгелімен аласыз да, келесі отаудан бастап әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше бір-бірден салып шығасыз. Ойыншылардың мақсаты – неғұрлым көп құмалақ алу. Сондықтан ойын үстінде әрбір ойыншы өз отауларындағы құмалақтарды шамасы келгенше жұп ұстауға, қарсы жақтың отауларын тақ жасап отыруға тырысады.

Сұрақ арқалы сараптау

Автор публикации

Комментарии: 0Публикации: 10Регистрация: 17-02-2020