Тағамдық қоспалар және оларды анықтау әдістері

ФИО автора:Карина Алия Дулатовна
Основной файл:Скачать файл

ž

žТағамдық қоспалар өндіріс процесі барысында технологияға сай өндіріс процесін жеңілдету немесе жақсарту, сақтау және тасымалдау кезінде өнімнің сыртқы түрі мен органолептикалық қасиеттерінің тұрақты сақталуын қамтамасыз ету үшін қосылады. Олардың технологиялық функция көрсететін тағамдық қоспаны қолдану тиімділігі оларды таңдаудың технологиясын құруды және оны алынатын өнімнің химиялық құрылымы, функционалды қасиеті, өнім түрі, шикізат ерекшелігі, құрамы ескеріле отырып қосылады. Тағамдық қоспаларды қолданар алдында ол тағамға қосылғанда адам денсаулығына қалай әсер етеді, дозасы қандай мөлшерде болу керектігін ескерген жөн, егер пайдаланылған қоспа мөлшері шамадан тыс болмаса адамға ешқандай зиян келтірмейді. Қолданылатын елге қарамастан  тағамдық қоспалардың санитарлы талаптарға сай қоспалары ғана қолданылады. Тағамдық қоспаларды қолданар алдында міндетті түрде олар тексеруден өткен болу керек, және де ол қолданушыларға еш қауіп төндірмеуі керек және тағамның сапасын төмендетпеген жөн.

Автор публикации

не в сети 2 месяца

Карина Алия Дулатовна

Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 14-05-2020