Шоқан — фольклортанушы, этнограф

ФИО автора:Абдихамит Маржан Саяновна
Основной файл:Скачать файл

Фольклортанушы Шоқан Уәлиханов қазақ халқының рухани мәдениеті мен ауыз әдебиетін ерінбей үйреніп, зерттеуші алғашқы ғалымдардың бірі. Қазақ мақалдарын зерттеуді алғаш қолға алған да Ш. Уәлиханов еді. Қазақтың халық ауыз әдебиетін, жырларын зерттеуде Ш. Уәлиханов өзі жетік білген орыс әдебиетіне сүйенді. Қазақтың халықтық шығармаларына қорытынды жасау үшін ол орыстың мақалдары, жылнамалары, ертегілері және батырлық жырлары туралы айтылған деректерді пайдаланған. Мәселен, «Жоңғария очерктері» (1861) атты еңбегінде тек славян дүниесімен, араласу арқылы ғана ауысуы мүмкін тақырыптардың ұшырасатынын жазды. Ш. Уәлихановтың тарих, этнография тақырыбына жазған «Жоңғар очерктері», «Қазақтың ата-тегі», «Қазақтар арасындағы шамандықтың қалдықтары», «Шона батыр» және басқа еңбектерінде халық шығармалары көптеп кездеседі. Оның халық шығармашылығына көзқарасы қандай екендігін осы тарихтық-этнографиялық еңбектерінде айтылған кейбір қорытындылары мен байымдауларынан, сондай-ақ фольклор материалдарын жазып алу үстінде жасаған түсініктерінен байқауға болады. Халық творчествосының білім берерлік маңызын Ш. Уәлиханов жоғары бағалады. Халық әдебиетіне тән шығармалардың болмысқа дәл келетіндігін көрсетеді. Ол қазақтың халық поэзиясынан «халықтық рух, ұғым, әдет, әдеп, өмірлік кейіп» бейнелерін көре білді.

Автор публикации

не в сети 9 месяцев

Абдихамит Маржан Саяновна

Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 06-01-2020