Сабақтың тақырыбыТема урока Автомобиль көлігіне жататын негізгі ұғымдар.Жалғаулар.

Соңғы жылдары қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби білікті маман даярлау ісі қолға алынуда.  Кәсіптік-техникалық оқу орындарында білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде жасалған қазақ тілінің типтік бағдарламасында студенттердің кәсіби деңгейін жетілдіру көзделіп, мамандық әлеміне арнайы бір семестр арналған. Бұл семестрде студенттің өз мамандығына қатысты терминдермен, тілдік ұғымдармен танысуына кең мүмкіндік туылады. Яғни он бір жыл бойы қазақ тілін мектеп бағдарламасы бойынша оқып-біліп келген жас талап ендігі жерде кәсіби тілде сөйлеп, өзінің өмірлік кәсібіне қатысты мәліметтерге қанығуы қажет.

Адамдардың қоғамда өзара қатынас жасап, пікір алысып түсінісетін

құралы – тіл екендігі баршамызға аян. Тілдік ұғымдарды меңгеру, оларды

күнделікті тәжірибеде қолдану, түрлі ғылыми пәндер жүйесін меңгерудің бәрі де тілдік атау сөздерімен, ұғымдарымен бейнеленеді. Сөйтіп адамның ойлауы мен сөйлеуі қанат жайып өрістеп, дүниенің сырын танып біледі.

ФИО автора:Усенова Гульжан Жиеншеевна
Основной файл:Скачать файл
0

Автор публикации

не в сети 7 месяцев

Усенова Гульжан Жиеншеевна

0
Комментарии: 0Публикации: 4Регистрация: 18-02-2020