Сабақтың тақырыбы: Жатыр ішілік даму

Аталық жыныс бездерінде орташа 3-5 мл сперма түзіледі, онда шамамен 300 млн сперматозоид болады. Тек бір сперматозоид жұмыртқа жасушасымен қосылады да, қалғаны жойылады. Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы ұрықтану деп аталады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы сыртынан басқа сперматозоидтің енуінен қорғайтын қабықшасымен жабылады.