Сабақ жоспары ” Менің сүйікті жемісім” мектеп алды даялық тобы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Менің сүйікті жемісім
Міндеттері:
Білімділік міндеті: Жаңа сөздер үйрету, жемістердің түрлерін, түстерін ажырата білуге, айта білуге дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: Балалардың жемістер туралы түсініктерін молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айтуға үйрету.
Тәрбиелік міндеті: мәденетті сөйлеуге тәрбиелеу. Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
. Қолданылатын көрнекі құралдар:суреттер, сөздер, бейне жазба.слайд
Сөздік жұмысы: Алма-яблоко, алмұрт-груша, шие- вишня, жүзім-виноград,
өрік-абрикос, апельсин, банан, мандарин, киви.
Алма қызыл түсті. Алмұрт өте дәмді. Жемістер бақта өседі.
Билингвальді компонент: Сәлеметсіздер ме! балалар
Оқу іс-әрекет кезеңдері | Педагогтың іс әрекеті | Балалардың іс әрекеті |
Мотиациялық -қозғаушылық | Балаларды сәлемдесу. Тіл дамыту жаттығуын жасату
Бала,бала,балақан Қане қайсы алақан Саусақтарың әйбәт Олай бұлай ойнап
Мұғалім: – Балаларға жемістерді көрсетеді. – Сұрақтар қояды – Бұл не? Алма – Алам қандай түсті? – Бұл не? – Алмұрт қандай түсті? – Бұл не? – Банан қандай түсті? «Кім тапқыр» дидактикалық ойыны. Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту мақсатында үлестірмелі материалдармен жұмыс жүргізеді. Оқытушы айтқан сөздерге сәйкес суреттерді көрсетеді.
|
– Сәлеметсіз бе!
Балалар амандасады. Мұғаліммен бірігіп тіл дамыту жаттығуын жасайды.
Балалар суретте көреді. Сол бойынша сұраққа жауап береді. Балалар қызығушылықпен ойынға қатысады. .
|
Ұйымдастыру
шылық- ізденушілік |
2.«Тыңда, көрсет, қайтала» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға тақырып бойынша берілген суреттер ілінеді. Балалар мұғалімнің сұрақтарына жауап қайтарып, дыбыстық жаттығу жасайды.
Ал-Ал-Алма Ал-Ал-Алмұрт Өр-өр-Өрік Жүз-жүз-Жүзім
4. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Суретке қарап, жеке сөздерді атайды. Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту мақсатында «Суреттерді жина» (құрастыру) ойыны ойнатылады.
|
-Жемістердің суреттері
Балалар буындар мен сөздерді бірге қосылып және жеке-жеке қайталайды.
Өлең жолдарын оқытушымен бірге қайталап, қимылдар жасайды.
Өлең жолдарын қайталап, бір-бірінің арқасына сурет салады.
|
Рефлексиялық түзетушілік | Д\Ойын «Бауда ма, бақшада ма?»
Көкөністер мен жемістерді балаларға топтастырып жинату. «Жемістер мен көкөністер» өлеңін жаттау. Алма,алмұрт,қарбыз, қауын Бәрі бақта піседі Жапырақтар сусып-сусып Жерге жаймен түседі. |
Ойынды қызығушылықпен ойнату.
Өлеңді жаттауға тырысады.
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: Жемістердің, көкеністердің аттарын біледі
игереді: Пішінін, дәмін, түсін айтады, түсінеді
меңгереді: Адам ағзасына тигізетін пайдасын біледі