поурочный план урока на тему «Пошта қызметін қолданамыз. Кезектес салалас құрмалас сөйлем»

ФИО автора:Смаилова Назигуль Сексеновна
Основной файл:Скачать файл

Тақырып Пошта қызметін қолданамыз. Кезектес салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
пошта қызметтері туралы түсінік қалыптастыру, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту; салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолы, өзіндік ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін кеңейту, жетілдіру.
Дамытушылық
ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тілдерін дамыту, сөздік қорды молайту.
Тәрбиелік мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдістер сұрақ — жауап, түсіндіру, баяндау, мәнерлеп оқу, постер қорғау, т. б.
Сабақтың көрнекілігі тақта, бор, таратпа материал стикерлер, кеспе қағаздар, кесте
Сабақтың жоспары
1. Ұйымдастыру кезеңі — Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу, сынып тазалығы;
— Білім алушылар назарын сабаққа аудару.
— Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі Сөздік диктант, фронтальды сұрау
2. Жаңа тақырыпқа дайындық Хаттан үзінді оқу
Өз қолыңмен жазылып, маркасы бар конвертке салынған жеке құпия жолдаудан артық не бар? Оның ішінде не жазылғанын телефоннан естиді немесе электрондық поштадағы сияқты қандай да бір дана бағдарламашы ашады деген қорқыныш жоқ…
Что может быть более личное, чем послание написанное своей собственной рукой, и направленное в запечатанном конверте с маркой. И нет никакого риска, что его содержание будет услышано по телефону или же перехвачено каким-либо гением программистом, как это может случиться с электронной почтой.

3. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Сөздікпен жұмыс
// жаңа сөздермен танысу, оқу, сөз тіркес құрау
// жаңа сөздерді дәптерге жазу
Пошта қызметі – почтовая служба
Пошта жолы – почтовая дорога
Байланыс бөлімдері – отделение связи
Пошта ғимараты – здание почты
Сәлемдеме — посылка
Байланыс қызметі – служба связи
Ақша аударымдарын жасау – осуществление денежных переводов
Баспасөзге жазылу – подписка на периодическую печать
Тез аударымдар жасау – осуществлять быстрые переводы
Коммуналдық төлемдер қабылдау – прием коммунальных платежей
Электрондық сауда жасау – осуществлять электронную продажу
2. Мәтінмен жұмыс жасау
// мәтінді тізбектеп оқу, орыс тіліне аудару
// конспектілеу – таратпа материал
Қазақстан поштасының да өзіндік тарихы бар. Поштасыз бір де бір мемлекет жоқ. Ұлы Венециандық саяхатшы Марко Полоның күнделігінде Шыңғыс хан империясы тұсындағы қазақ жеріндегі пошта қызметі туралы да жазылған.
Ұлы Отан соғысы кезінде пошта қызметі арқылы әскерге ай сайын 70 миллион хат, 80 миллион газет таратылды.
Пошта қызметтері: хат, үлкен сәлемдемелер жіберу, байланыс қызметі, филателия, ақша аударымдарын жасау, коммуналдық төлемдер қабылдау, баспасөзге жазылу, тез аударымдар жасау, т.б.
Жаңа бір жоба — «Қазпошта» жүйесі арқылы электрондық сауда жасау. Оның сайты: www.postmarket.kz
Филатели́я — Собирание почтовых и иных марок, а также бумажных денежных знаков для коллекции.
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V Заңы (2020.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
4. Жаңа тақырыптың түсінуін тексеру кезеңі Таратпа материалмен жұмыс жасау:
// Семантикалық картамен жұмыс.
1 — топ
Сөйлемдер Себеп салдар Кезектес Талғаулы Қарсылықты Ыңғайлас
1. Жазира кір жуады, немесе тамақ пісіреді.
2. Мезгіл кешкіріп кетті, соңдықтан амалсыз қонуға тура келді.
3. Менің қалам көне, бірақ жаңа үйлер көп.
4. Мен сабақтан соң үйге автобуспен барамын, кейде жаяу қайтамын
5. Жазда мен қалада болдым және ауылдағы әжеме де барып қайттым

2 — топ
Сөйлемдер Себеп салдар Кезектес Талғаулы Қарсылықты Ыңғайлас
1. Сізді ешкім шақырған жоқ, соңдықтан сіз бармайсыз
2. Мұғалімнің жұмысында қиындықтар өте көп және мұғалімнің жауаптылығы да өте зор
3. Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқты
4. Олар бүгін әдейілеп бізге хабар етер, не болмаса қатынаған кісілер айтып келер
5. Біресе басымен үйді нұсқап, біресе сақалымен шанада жатқан әйелді нұсқайды

5. Білімді бекіту кезеңі // Тест
1. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
А) Кезектес В) Мезгіл С) Мекен D) Мақсат Е) Себеп
2. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) Немесе В) Және С) Кейде D) Себебі Е) Сөйтсе де
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) бірақ В) та С) бірде D) немесе Е) әйтпесе
4. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) өйткені В) сонда да С) біресе D) бірақ Е) әйтпесе 5. Кезектес салаластың ережесін табыңыз А) Құрамындағы жай сөйлемдері берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салаластың түрі. В) Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама — қарсы болатын салаластың түрі.
С) Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылған салаластың түрі. Д) Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрі Е) Құрамына енген сөйлемдердегі іс — әрекеттің біреуі ғана орындалатын құрмаластың түрі

6. Қорытынды Рефлексия «Даналық ағашы»
Бағалау
Үйге тапсырма беру баға қою, қойылған бағаларды айту.
Сөздікті жаттау, пошта туралы шағын мәтін құрастыру.

Автор публикации

не в сети 6 месяцев

Смаилова Назигуль Сексеновна

Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 10-01-2020