Главная » Файлы » Предметы » История [ Добавить материал ]

Қазақстандағы тас дәуірдегі тұрақтар

Вы сможете скачать через 0 сек.

16.10.2017, 21:07
Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бирлиг Озат
Сынып: 5 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.4.2.1. еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау
5.2.2.1. археологиялық ескерткіштерді сипаттау
Сабақ мақсаттары - Тас дәуіріндегі ескерткіштерді анықтаймыз
- Археологтар тапқан еңбек құралдарын сипатаймыз
Бағалау критерийлері


Білу және түсіну: Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтарын зерттеген ғалымдар жайлы біледі және «артефакт» терминінің мәнін түсінеді.
Қолдану: Тас дәуірінің тұрақтары қай жерде болғанын картадан тауып көрсете алады
Сыни ойлау: Тас дәуіріне жататын еңбек құралдарының табиғи және қолдан жасалғанын ажыратып салыстыра біледі

Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдыларын дамытып, арнайы - пәндік ғылыми тілдің оқытылуын қалыптастыру. Оқушылар:
1. Сөйлеу дағдыларына қатысты өз пікірлерін рәсімдейді, зерттеу нәтижелерін қорғайды, мәтінмен жұиыс жасайды
Пәндік лексика мен терминология:
Нуклеус –дөңгелек өзектастан жасалған алғашқы адамның еңбек құралы.
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
Зерттеуші археологтың аты Қазақстанның қай аймағын зерттеді? Қандай тұрақтарды ашты? Ескерткіш қай кезеңге жатады? Қандай олжалар табылды?
Х.Алпысбаев
А. Медоев

Құндылықтарды дарыту

Тарих пәніне және тарихи жәдігерлерге деген «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, география пәндерінің білімдерін сөйлемдер құрастыруда , салыстыруда пайдаланады.
АКТ қолдану
дағдылары Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі...
Бастапқы білім
Қазақстан аумағындағы тас дәуірлерінің тұрақтары Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында орналасқанын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушылық
ты ояту
Оқушылармен танысу
(Б) Оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Маған ұнайды ...» ойыны арқылы оқушылармен жақынырақ танысу.
(Т) Ежелгі заманның маңызды тұстарын еске түсіру мақсатында «Уақыт сызығы» ойынын өткізу.
(оқушылар берілген терминдерді хронологиялық тізбек бойынша орналастырады).
1 топ: палеолит, мезолит, неолит, энеолит, қола дәуірі, темір дәуірі;
2 топ: гоминид, австралопитек, питекантроп, синантроп, неандерталь, кроманьон;
Талқылаудан кейін бүгінгі жаңа сабақпен сабақтастырады.
Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары, бағалау критерилері оқушыларға таныстырылады.
Қазақстандағы тас дәуірін Қазақстандық археологтар: Х. Алпысбаев, А.Медоев, Ж.Таймағамбетов, О. Артюхова және т.б. зерттеген.

Презентация
Сабақтың ортасы


Оқушыларды топқа бөліп тапсырмалар беремін.
1-топ.Қазақстандағы алғашқы палеолиттік ескерткіштердің ашылуы кімнің есімімен байланысты?
2-топ.Қазақстанда табылған тас дәуірінің тұрақтарын атаңдар?
3-топ. Х. Алпысбаев; А. Медоев; Ж. Таймағамбетов есімдері немен байланысты.
Бағалау.Оқушылар әр топтың қорғаған жұмыстарына «үш шапалақ» соғу арқылы бағалайды.

(Т) Тапырма 2. Тарихтың осы кезеңінен мен не күтемін? - деген сұрақ аясында «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасын беру. Әр топқа құжаттар топтамасы беріледі.
1 топ –Алғашқы адамдардың өмірі жайлы біз қайдан білеміз.
2 топ – Суреттерді қарап, топтастырып, олар туралы ойларын ортаға салу.
3 топ –архелогтялық олжаның жасын анықтау әдістері
Бағалау. Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Оқушылардың жауаптарын қорытындылап, мұғалім кері байланыс береді.
Критерийлер:
-тақырыптың ашылуы;
-дәлелдер келтіру;
-ойын нақты жеткізу.

«www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы.
Электронды оқулығы. 2011ж.
http://www.nlrk.kz (Қазақстан республикасының ұлттық кітапханасы).

ч
Сабақтың соңы
Рефлексия
Мен бүгін не білдім?
Не үйрендім?
Менің байқағаным........

Үйге тапсырма
Термин сөздермен жұмыс:
Артефакт-
Тұрақ-

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады «Екі жұлдыз, бір тілек», мұғалімнің кері байланысы арқылы бағалау. Оқушылар критерийлер арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану. Интерактивті тақтаны мөлшерлі пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ барысында жүзеге асырылған ОМ нақты ашылды. Оқушылардың ой-өрісі пікірлерін кері байланыс арқылы сабақтағы қол жетімді тапсырмалардың орындалғанын және келесі сабақ жоспарын түзгенде мәтінмен дереккөздердің көп беруге оны талдау арқылы сыныптық жұмыстардың деңгейін бақылауды жоспарлап алдым. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек.

Ауытқулар олар тек білгендерін ұзақ мәлімдеуі. Себебі тұжырым жасауы ұзақ, және оқушыны айтылым үстінде үзіп тастау мүмкін емес.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Тарихтың осы кезеңінен мен не күтемін? - деген сұрақ аясында «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасын орындаған кезде оқушының өзіндік ойы
2: Қазақстандағы тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдарды және тас дәуірінің тұрақтарын біледі.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: оқушылардың белсенділігі
2: материалдардың сапалылығы
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Берілген тапсырмаларды оқушының түсінісіп жасағаны, топ және жұп жұмыстары, жеке жұмыстар жетістіктерге және бірін бірі оқыту арқылы толықтырып отыруы жақсы болды, кемшіліктері уақытты үнемдей алмауымыз.
Категория: История
Просмотров: 52 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar