Главная » Файлы » Предметы » Технология

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы «Тиінге арналған саңырауқұлақтар»


30.06.2018, 10:28
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Өткізген: Каримжанова Т. К.
Топтын жас ерекшелегі: ортаңғы топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Тиінге арналған саңырауқұлақтар»
Мақсаты: домалақ, сопақша заттардың суретін сала білуге үйрету.
Міндеттері:
БМ: біріңғай саңырауқұлақтарды салуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге баулу; табиғат құбылыстарын бақылай білуге.
ДМ: қағаз бетіне дұрыс орналастыру, санырауқұлақтың суреті қабылдауын дамыту.
ТМ: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданатын құралдар: саңырауқұлақтың суреті, ақ қағаздың беті, акварель бояулары, су стакандағы, майлықтар, қылқалам.
Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ, күзгі сурет, сирақ, қалпақ.
Қостілділік компонент: саңырауқұлақ- гриб, саңырауқұлақтар- грибы, күз- осень.autume
Қызметтің кезеңдері
І. Мотивациялық – қозғаушылық
Балаларға қонаққа тиін келеді. Ол балалармен амандасып жұмбақ шешеді;
Жұмбақтар.
Домалақ қалпағым бар,
Аппақ- аппақ аяғым бар.
Орманда көктемде
Өсемін, әрине.
/Саңырауқұлақ/
Шидей сирақ, кілең дөңес телпекті,
Жаңбырдан соң басып
кетер жер –көкті.
/Саңырауқұлақ/
Балалар жұмбақты шешеді.
Педагог Тиіннен күз кезінде қандай шаруаң де сұрайды. «Маған қысқа саңырауқұлақтар дайындау: жинау және кептіру керек. Сендер саңырауқұлақ өсетін жерді білесіңдер ме?» -«Әрине, білеміз»,-деп жауап береді педагог, сөйтіп суреттің үлгісін көрсетеді.
ІІ. Ұйымдастырушылық- ізденістік
-Қараңдаршы, менің картинкамда қандай көп саңырауқұлақ бар. Түлкішек те, ақ саңырауқұлақ та, тіптен шыбынжұт та осында.
Педагог саңырауқұлақтардың нақ пішінін көрсетіп тұрып, бұл не, олар қай жерде өседі, балалар саңырауқұлақ терді ме- соны сұрайды. Педагог балаларға саңырауқұлақтың жаңбырдан соң, негізінен көктемде және күзде өсетіні туралы әңгімелейді. Олардың пішіні әр түрлі, түсі сан алуан, жеуге болатыны және болмайтыны бар, атаулары да әрқалай. Ең әдемі саңырауқұлақ –шыбынжұт, алайда ол өте улы болғандықтан, одан тіпті шыбындар да қырылып қалады, сондықтан шыбынжұт деп аталады. Ақ бұршақшалары бар әшекейлі қызыл қалпақты басына қондырып, тіптен белдемше де киіп алғанын қарандаршы, бірақ біз сені үзіп алмаймыз, сенің Тиінге де керегің жоқ. Ал мына ақ санырауқұлақ пен түлкішекті жеуге болады. Жеке өскен саңырауқұлақ сирек кездеседі. Олар тобымен- саңырауқұлақ жіпшелерімен өседі. Бір түбірінде үлкен және кіші саңырауқұлақтар қатар өседі. Педагог саңырауқұлақтың құрылымен /сирағы мен қалпағы/ қарастыруды ұсынып, саңырауқұлақтың әр түрлі мөлшеріне назар аударады. Балалар мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Қостілділік компонент:
саңырауқұлақ- гриб,
саңырауқұлақтар- грибы,
күз –осень, autume
Балалар сөздерді қайталайды.
Жұмысты орындау тәсілін көрсету.
Парақ көлдеңінен жатыр.
1. Қылқаламды қоңыр түсті бояуға малып аламыз да, жарты шеңбер саламыз. Шеттерін тегіс көлденең сызықтармен қосып, телпектің ішкі бетін бояймыз.
Осылайша алаңқайдың барлық кеңістігіне қалпақтарды көптеп салып шығамыз. Қалпақтар кепкенше күтеміз.
2. Қылқаламға ақ немесе сары түсті бояуды іліп алып, әрбір қалпақтың астына сирақтар саламыз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Шаттық шеңбер құрамыз.
Оңға-солға иіліп,
Орнымызды табамыз.
Балалармен жеке жұмыс істеу.
Балалар денесін және қылқаламды дұрыс үстап отыр ма, соңы қадағалайды, бояудың түсін ауыстырар алдында қылқаламды шайып алу керектігін ескертеді.
ІІІ. Рефлексиялық – түзетушілік
-Балалар біз бүгін не нәрсе салып үйрендік? Сендерге ұнады ма?
Тиін балаларға алғыс айтады да, барлық ата-аналар тамашалау үшін санырауқұлақтардың суретін қабырғаға іліп қоюды өтінеді.
Балалардың суреттерін мақтайды, көрме ұйымдастырады.
Балалар өз құрдастарының жұмысын талдауға араластырылады. Саңырауқұлақтың екі түрін салған балалар ерекше мақталады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: домалақ, сопақша заттардың суретін сала біледі.
Игереді: табиғатқа қамқор бола игереді.
Меңгереді: саңырауқұлақтарды салуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана меңгереді.
Категория: Технология | Добавил: Толкын
Просмотров: 87 | Загрузок: 63 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar