Главная » Файлы » Предметы » Технология

Сабақ жоспары "Қыранның суретін күйдіріп салу"


11.04.2018, 20:25

Сабақ Астана қаласының Арнайы түзету мектеп-интернатының 6в сыныбында өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: Қыранның суретін күйдіріп салу
Мақсаты:
Оқушыларды сызық бойынша электр күйдіргішпен жұмыс жасауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік:
Оқушыларды күйдіргіш станогымен жұмыс жасауға үйрету, шеренің бетіне қыранның суретін бастыру; оқушылардың білімін арттыру.
Дамыту:
Оқушылардың ойлау қабілетін, көзбен өлшеу, есте сақтау қабілеттерін, ұсақ моторикасын дамыту, жобалаған жобасын ойын, практика арқылы жеткізуге дағдыландыру, іс-қимылын дұрыстау.
Тәрбиелік:
Еңбек сабағы кезінде өз-өзін тәртіпті ұстауға, достарына шынайы жанашырлықпен қарауға, қол ұшын беруге, құрал-жабдықтарға ұқыпты болуға, материалдарды үнемдеп жұмсауға үйрету.
Тәжірибелік жұмыстар:
Дайын үлгі бойынша жұқа тақтайдың бетіне сызып түсіру. Қыл арамен шерені (фанераны) сызық бойынша кесу, өңдеу.

Категория: Технология | Добавил: r-make70 | Теги: тегістеу, еңбек пәні, Фанера, САбақ жоспары, күйдіргіш станогы
Просмотров: 15 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar