Главная » Файлы » Предметы » Технология

Сабақ жоспары Бұйым "Шынжыр табанды тракторды өңдеу"


11.04.2018, 19:57

Сабақ Астана қаласының Арнайы түзету мектеп-интернатының 4а сыныбында өткізілген. Мектеп-интернат жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған. Сабақ тақырыбы: Бұйым «Шынжыр табанды тракторды өңдеу». Бұл сабақ жоспарланған 3 сабақтың екіншісі болып табылады. Алдыңғы сабақта балалар шынжыр табанды трактор жасауға қажетті бөлшектерді үлгі арқылы ағаш бетіне бастырып, электр қыл ара мен стусло арамен кесті. Ал мына ұсынылған сабақта олар өздері кескен трактор бөлшектерін бұрандалы қысқашпен бекітіп, зімпара қағазбен тазалап тегістеді. Келесі үшінші сабақта олар өңделген бөлшектерді бояйды, содан соң тракторды құрастырып жинайды және дайын бұйымға лак жағады. Сабақтың мақсаты: оқушыларға шынжыр табанды трактордың кесілген бөлшектерін өңдеу жолдарын үйрету, оқушылардың еңбек құралдары мен материалдар туралы білімдерін арттыру.
Мақсаты: оқушыларға шынжыр табанды трактордың кесілген бөлшектерін өңдеу жолдарын үйрету.
Міндеттері:
Білімділік:
Оқушыларға шынжыр табанды трактордың кесілген бөлшектерін өңдеу тәсілдерін үйрету; оқушылардың еңбек құралдары мен материалдар туралы білімдерін арттыру.
Дамыту:
Оқушылардың ойлау қабілетін, көзбен өлшеу, есте сақтау қабілеттерін, ұсақ моторикасын дамыту, жобалаған жобасын ойын, практика арқылы жеткізуге дағдыландыру, іс-қимылын дұрыстау.
Тәрбиелік:
Еңбек сабағы кезінде өз-өзін тәртіпті ұстауға, достарына шынайы жанашырлықпен қарауға, қол ұшын беруге, құрал-жабдықтарға ұқыпты болуға, материалдарды үнемдеп жұмсауға үйрету.

Категория: Технология | Добавил: r-make70 | Теги: бұйымды өңдеу, еңбек пәні, САбақ жоспары, практикалық жұмыс
Просмотров: 17 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar