• Республ. олимпиада

    14 января - 24 февраля
  • Служба поддержки

    +7 (778) 411 95 35
By - publisher

Сын есім

Білімділік: оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін тиянақтау
Дамытушылық: шығармашылық сын тұрғысынан оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: сауатты жазуға үйрету. Әдептілікке баулу.
Ой шақыру : Сөз таптары туралы кім, не біледі?
Топтау стратегиясы.
Сөз таптары

Етістік зат есім сын есім сан есім
Жаңа сабақ
— Мынау не? — Қант.
— Түсі,дәмі,көлемі,сапасы қандай?
— Ақ,тәтті,қатты, сапалы.
Сонымен біз заттардың көлемін,түсін,дәмін, сапасын білдік. Осыларға біз қандай сұрақтар қойдық?
Мысалы, қандай?қай?
— Бұл қай сөз табының сұрағы?
— Сын есім туралы не білеміз?
Топтау стратегиясы.
Сын есім

Дара күрделі негізі туынды қарсы мәндес
— Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз сын есім. Бүгін сын есімді қайталаудың алғашқы сабағы.
1. Дәптермен жұмыс
2. Қызықты тапсырма.
(Өлең жолдарынан сын есімді табу)
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.

3. Оқулықпен жұмыс.
а) Жаттығулар орындау.
ә) Сөйлемдерден сын есімдерді теріп жазу.
4. Ойын: «Мақал қуаласпақ»
(Оқушылар мақалды жалғастырады).
Мысалы: Ата көрген — ……….
Қарағайға қарап тал өсер, …………….
5. Эссе стратегиясы.
(5 жолды өлең.)
Зат есім. 1. Отан
Сын есім. 2. Кең байтақ
Етістік. 3. Қорғаймыз, гүлдедіреміз, көркейтеміз.
Сөйлем. 4. Кең байтақ Отанымызды қорғаймыз, көркейтеміз.
Синоним: Өлке
6.Ойын. « Кім нені ұнатады?»
Оқушы ұнатқан жануардың қасына барып сол туралы өз ойынан әңгіме құрастырады.
Ү. Сабақты қорытындылау.
Бекіту сұрақтары.
— Сөз таптарын атаңдар.
— Сын есім дегеніміз не?
— Сын есімнің түрлері қандай?
ҮІ. Үйге тапсырма.
Топ: «Қыс қызығы» тақырыбына шығарма жазу

Топ: «Туған жер» тақырыбына өлең құрастыру.

Автор: Bika71


3

Автор публикации

не в сети 2 месяца

publisher

12
Комментарии: 0Публикации: 3734Регистрация: 08-12-2018
Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
*
Генерация пароля
О работе с сайтом, размещая свои публикации на нашем сайте, пользователи берут полную ответственность на себя за контент материалов и разрешение любых спорных вопросов с третьми лицами. Мы всегда готовы помогать Вам в публикации, редакции сайта и в ряде других вопросов. Если Вы обнаружили ошибку на нашем сайте или незаконное использование материалов, сообщите администрации сайта.