Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Сын есім


02.12.2018, 23:12

Білімділік: оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін тиянақтау
Дамытушылық: шығармашылық сын тұрғысынан оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: сауатты жазуға үйрету. Әдептілікке баулу.
Ой шақыру : Сөз таптары туралы кім, не біледі?
Топтау стратегиясы.
Сөз таптары

Етістік зат есім сын есім сан есім
Жаңа сабақ
- Мынау не? - Қант.
- Түсі,дәмі,көлемі,сапасы қандай?
- Ақ,тәтті,қатты, сапалы.
Сонымен біз заттардың көлемін,түсін,дәмін, сапасын білдік. Осыларға біз қандай сұрақтар қойдық?
Мысалы, қандай?қай?
- Бұл қай сөз табының сұрағы?
- Сын есім туралы не білеміз?
Топтау стратегиясы.
Сын есім

Дара күрделі негізі туынды қарсы мәндес
- Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз сын есім. Бүгін сын есімді қайталаудың алғашқы сабағы.
1. Дәптермен жұмыс
2. Қызықты тапсырма.
(Өлең жолдарынан сын есімді табу)
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.

3. Оқулықпен жұмыс.
а) Жаттығулар орындау.
ә) Сөйлемдерден сын есімдерді теріп жазу.
4. Ойын: «Мақал қуаласпақ»
(Оқушылар мақалды жалғастырады).
Мысалы: Ата көрген - ..........
Қарағайға қарап тал өсер, ................
5. Эссе стратегиясы.
(5 жолды өлең.)
Зат есім. 1. Отан
Сын есім. 2. Кең байтақ
Етістік. 3. Қорғаймыз, гүлдедіреміз, көркейтеміз.
Сөйлем. 4. Кең байтақ Отанымызды қорғаймыз, көркейтеміз.
Синоним: Өлке
6.Ойын. « Кім нені ұнатады?»
Оқушы ұнатқан жануардың қасына барып сол туралы өз ойынан әңгіме құрастырады.
Ү. Сабақты қорытындылау.
Бекіту сұрақтары.
- Сөз таптарын атаңдар.
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есімнің түрлері қандай?
ҮІ. Үйге тапсырма.
Топ: «Қыс қызығы» тақырыбына шығарма жазу
Топ: «Туған жер» тақырыбына өлең құрастыру.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: Bika71 | Теги: 4 русский класс, сын есім, казахский язык
Просмотров: 11 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar