Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

«Қамзолды әшекейлеу»


22.11.2018, 22:54

Ортаңғы «Ертегі» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:29.11.18ж.
Тәрбиеші: Садвакасова Ш.Р.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Аппликация.
Өтпелі тақырып: «Киім және аяқ киім»
Тақырыбы: «Қамзолды әшекейлеу»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Ұлттық өнердің желісімен түрлі қағаздардаң өрнектер құрастырып қамзолды әшекейлеу.
3.Оқыту: Екіге бүктелген парақтан күрделі емес ұлттық ою-өрнектерді симметриялы қиып,қамзолға жапсыруды үйрету .
Педагогикалық технологиялар: ойын, дамыта оқыту,ТРИЗ.
Ресурстармен қамтамасыз ету: қазақтың ұлттық киімдері,үлестірмелі материалдар,желім,қайшы,сулық, қуыршақ Айсұлу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: қазақтың ұлттық киімдерімен таныстыру.
Билингвалдық компонент: тақия-тюбетейка,тұмар-оберег,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
Топқа қонаққа қуыршақ Айсұлу келеді.Балалармен амандасады.
-Слеметсіңдер ме балалар! Мен қазақтың ұлттық киімдерін сатып алдым. Көргілерің келе ме?
Сандықтан киімдерді алып, балаларға көрсететі. Ою-өрнектерге көңіл бөледі.
-Қараңдаршы, киімде қандай ою-өрнектер салынған. Қандай әдемі!
-Мынау-тақия, мынау-қамзол.
-Балалар,қазір осындай киімдер кие ме?
-Қазақтың ұлттық киімі екенін қалай білеміз?
-Бүгін мұражайда қазақтың ұлттық киімдерінің көрмесі болады. Барғыларың келе ме?
-Онда,балалар,сендерге аппликация жасау керек.қамзолды өрнектеп, жұмыстарды көрмеге жіберу керек.
Қызығушылық танытады.
Қонақ пен амандасады.
Киімдерді ою өрнектерді қарайды.
Қайталайды:
тақия, қамзол.
-Иә,осындай киімдерді әжелер мен аталар, әртістер мен әншілер киеді.
2. Негізі бөлімі
Тәрбиеші киімдерді жақсылап көруге ұсыныс жасайды.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді, көрсетеді. Қамзолды әшекейлеу үшін «тұмар», «қызғалдақ» өрнектерін таңдаймыз.Қағазды бірнеше бөлікке қиып, «тұмар» өрнегін қамзолдың шетіне желімдейміз.
-«Қызғалдақ» өрнегінің дайын жапсырмаларын өздерінің қалауларын бойынша жапсырыңдар.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып,бір тұрып,
Тез шынығып аламыз.
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір,
Денемізді дұрыстап,
Тұрамыз біз тік ұстап.
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді көреді,өлшейді.
Жұмысқа кіріседі, аппликацияны жасайды.
3. Қорытынды
Қуыршақ Айсұлу балалардың жұмыстарын мақтайды.
-Өзіміз жасаған жұмыстарымызды көрейік.
Әр бала өзіне ұнаған жұмысты таңдап, неге таңдағанын айтады.
-Жұмыстарымыз көрмеге жіберуге жарай ма, қалай ойлайсыңдар.
Қуаныштарын білдіреді, талдауға қатысады.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: 1581963 | Теги: Садвакасова Шарбан Райхановна
Просмотров: 17 | Загрузок: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar