Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Білім керек бәріне


12.11.2018, 11:01

№/сабақ тақырыбы 1. Оқытудың негізгі мақсаттары 2. Белсенді оқыту барысында қолданылатын жұмыс түрлері/әдіс-тәсілдері 3. Оқыту нәтижелері 4. Оқыту мақсатындағы бағаны ескере келе, бағалау 5. Барлығын қосқанда 6. Негізгі ресурстар
Ә. Дүйсенбиев «Ақылшым - мұғалім»
1. Түйін сөздер көмегімен және аудио тыңдау арқылы өлеңнің мазұнын түсінеді. Жазбаша және ауызша талдау жасап, өмірмен салыстырады.
«Күн шұғыласы» ойыны, сызбамен жұмыс
(Оқу, білім деген сөздер алдыңа нені елестетеді?)
Топқа бөлу (Оқу құралдарының суреттері бойынша 4 топқа бөлу )
Миға шабуыл (мұғалім туралы түсініктерін білу, түйін сөздерді атап көрсету)
АКТ қолдану (Тақырыпты ашу үшін өлеңді әуенімен тыңдату)
Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс (өлеңді мәнерлеп оқыту)
Сергіту сәті
Постер қорғау, топтық жұмыс (түрлі мамандық иелерін атап, өмірде кездесетін мамандықтарға тоқталу және мұғалім мамандығымен салыстыру)
«Адасқан сөздер» ойыны, топтық жұмыс (әр мамандық иесі мен оның құралдарын сәйкестендіру)
Рефлексия (әр топқа оқу, білім туралы мақал-мәтел, тақпақ құрату)
Бағалау (жұлдызшаларды жинақтау) Өлеңді мәнерлеп оқиды мазмұнын түсінеді.
Өлеңдегі түйінді түсініп, ауызша айта алады. Өлеңнің мазмұнына сай түйін сөздерді пайдаланып ауызша және жазбаша салыстырулар жасайды.

Мадақтау

Мадақтау

Жұлдызшалар

Бағдаршам

Жұлдызшалар

Бағдаршам

Жұлдызшалар

Барлығы: Өлеңді мәнерлеп оқиды, тапсырмалар орындайды. Оқулық 20-бет, интернет (мұғалім туралы аудио), оқу құралдары бейнеленген суреттер, әр түрлі мамандық атаулары бейнеленген суреттер, постер, маркер, қағаз, стикер, және т.б.
Көпшілігі: Өлең мазмұнын өз сөзімен айта алады
Кейбіреуі: Өлең мазмұнына сай нақыл сөздер айта алады.
А.Құнанбаев «Күз»
2. Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, әр маусым ерекшелігін айқындайды. Күз мезгілінің сұлулығын және өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы салыстырады. Психологиялық ахуал (жақсы көңіл-күй сыйлай отырып, амандасады)
Үй тапсырмасын тексеру (топтастыру, Мұғалім туралы білімдерін жинақтап айту)
Түрткі сұрақтар, суретпен жұмыс, («Күз» мезгілін сипаттау)
Жаңа сабақ (автор туралы мағлұмат беру)
«ЖИГСО» стратегиясы (Өлеңді оқып, талдау)
Мәтінмен жұмыс, (жеке жұмыс, әр оқушыға өлеңді талдау үшін тапсырма беріледі)
Сергіту сәті
Сыни тұрғыдан ойландыру (әр жыл мезгілінің салқын және жылы тұстарын анықтау)
Рефлексия («Эссе» Не білдім? Не үйрендім? Не ұнады?)
Бағалау (смайликтерді жинақтау) Өлеңді мәнерлеп оқиды. Жұмысты өз бетінше және топта жасайды, бағалайды. Өлеңдегі табиғат құбылысының өзгеруін байқайды, салыстырады.
Өлеңдегі бейнеленген болмысты адамның мінез-құлқымен салыстыра айта алады.

Смайликтер

Смайликтер

Смайликтер

Бағдаршам

Смайликтер

Смайликтер

Барлығы: Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінеді, тапсырмалар орындайды Оқулық 21-22 беттер (2,3 тапсырма 22-бет), А.Құнанбаевтың суреті, «Күз» мезгілінің суреті, кесте, қима қағазға жазылған сөздер
Көпшілігі: Өлең мазмұнын өз сөзімен айта алады
Кейбіреуі: Өлең мазмұнына сай адам бейнесін жасай алады
Ж. Қашқынов. Ұнатам күзді мен
3. Өлеңді мазмұнын түсініп оқиды және түйінді ойды табады;
Күз айының байлығын талдап, ойларын ортаға салады. Психолгиялық ахуал («Сен бүгін . . . » бір-біріне жылы сөздер мен тілек айтады)
Топқа бөлу (жапырақтар арқылы 4 топқа бөлінеді)
«Өрмекші торы» әдісі (Өткен сабақтағы өлеңді жатқа айтып, жалғастыра отырып үй тапсырмасы тексеріледі)
АКТ қолдану (Жаңа сабақты ашу үшін «Күз» тақырыбында шағын фильм көрсетіледі)
Жұппен оқу (Өлеңнің бөлігін оқып, талдау)
«Домино» әдісі, топтық жұмыс (сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін жинақтайды)
Сергіту сәті
«Венн диаграммасы» әдісі, топтық жұмыс (алдыңғы білім мен жаңа білімді салыстырады)
Рефлексия («2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі 2-3 минут шамасында түйінді ой жазады)
Бағалау (түрлі-түсті стакандарды жинақтау) Өлеңді түсініп оқиды, мазмұнын ашады.
Күзгі еңбек түрлерін ажырата алады.
Өлеңдегі еңбекқор адамдардың көңіл-күйін сипаттай алады.

Түрлі-түсті стакан

Мадақтау

Мадақтау

Түрлі-түсті стакан

Түрлі-түсті стакан

Түрлі-түсті стакан

Барлығы: Өлеңнің мағынасын аша алады, тапсырмаларды орындайды Оқулық 23-24 беттер, «Күз» тақырыбына жасалынған видео, жіп оралған доп, өлең бөлігі жазылған таратпа қағаз, «Домино» ойынының бөліктері, постер, маркер, қағаз, стикер және т.б.

Көпшілігі: Күзгі еңбек түрлерін ажырата алады, түйінді ойды табады.
Кейбірі:Алған білімдерін қолданып, еңбекпен келген асты құрметтейді.
А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
4. Мысалды түсініп, автордың ойын талдайды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды, адамның мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерімен салыстырады. Психологиялық ахуал (Өлең оқып, жақсы көңіл-күй сыйлайды)
Топқа бөлу («Магнит» ойыны арқылы 4 топқа бөлінеді)
Түрткі сұрақтар («Доп лақтыру» ойыны арқылы сұрақ-жауап әдісімен үй тапсырмасын тексеру)
Сыни тұрғыдан ойлау (Жаңа тақырыпты ашу мақсатында жұмбақтар шешіп, мысалдағы кейіпкерлерді анықтайды)
Мәтінмен жұмыс
1. Үзіп оқу (мұғалім мысалдың бастапқы бөлігіндегі әрекетті баяндайды, жалғасын оқушылар болжамдап айтады.
2. Бес сұрақ дайындайды
«Аялдама» әдісі (Оқушылар келесі топқа барып берген жауаптарды бағалайды)
Сергіту сәті
Топтық талқылау, топтық жұмыс (әр топқа мысалдағы бір кейіпкер туралы жазылған бөлігін беріп, қайсысы екендігін анықтап дәлелдеу)
«Венн диаграммасы» әдісі, топтық жұмыс (мысалдағы кейіпкелерді салыстыру)
Рефлексия («Эссе» жазу, балалар өз ойын жазады: «Мен бидаймын...»)
Бағалау (жұлдызшаларды жинақтау) Автордың түйінді ойын зерделейді, кейіпкерлерді салыстырады, не болатынын болжай алады, ойын жинақтай алады.

Мадақтау

Жұлдызшалар

Жұлдызшалар

Жұлдызшалар

Бағдаршам

Жұлдызшалар

Жұлдызшалар

Барлығы:
Өмірде қолдана алады, тапсырмаларын орындайды. Оқулық 25, 26, 27 беттер, магниттер, доп, мысалдың бөлігі жазылған таратпа қағаз, постер, маркер, қағаз, стикер, карточкалар, бидай мен қаңбақтың суреті және т.б.
Көпшілігі: Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады, түйінді ойды табады.
Кейбірі: Алған білімдерін қолданып, кейіпкерлер іс-әрекетін өмірмен ұштастыра алады.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: дузенова | Теги: жансая
Просмотров: 18 | Загрузок: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar