Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Пән: Жаратылыстану. Тақырыбы: «Жабайы аң-тиін»


10.10.2018, 21:35

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні 10.01.18ж.
Тәрбиеші: Садвакасова Ш.Р.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану.
Өтпелі тақырып: «Қыс қызығы»
Тақырыбы: «Жабайы аң-тиін»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: жабайы аңдарға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: жабайы аң-тиін туралы түсінік беру.
3.Оқыту: қыстағы тіршілігіне бақылау жасауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Шаттық шеңбері, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақтар жасыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Жабайы жануарлардың суреттері,ойыншықтар.
Билингвалдық компонент: аң-зверь, тиін- белка, қасқыр- волк, қоян- заяц, түлкі- лиса, бұғы –лось.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
Шаттық шеңбері:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Психологиялық жаттығу:
Көздеріңді жұмып, ең жақсы сәттеріңді еске салыңдар
Балалар жайылып отырып, көздерін жұмып, ең жақсы сәттерін елестейді.
2. Негізі бөлімі
Мен бүгін балабақшаға келе жатып,сандық тауып алдым.Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды сандықтан шығару үшін жұмбақтарды шешуіміз керек.
Жұмбақтар:
1.Көлеңкесінен қорқып безектейді, Ал,оның баласын «көжек»дейді.
2.Ит секілді пішіні, Бірақ адамды ұнатпайды.
3.Өзі қу,әрі айлакер, Жүрген жері айқай да шу.
4.Қыс бойы жатады, Тәтті ұйқыға батады.
5.Бұтадан-бұтаға секірген, кішкентай ғана шапшаң аң.
Бұларды қалай атаймыз?
Олар қайда тұрады?
Мынау не ? (суретін көрсетеді).
Дұрыс айтасыңдар,мен сендерге тиінін суретін көрсеттім. Тиін орманда өмір сүреді. Ол бұтақтан бұтаққа секіріп жүреді. Өзіне қысқа дайындық дайындайды, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді жинап кептіріп дайындалады. Қыста ол орнын ауыстырып өмір сүреді. Тиін аңдармен бірге орманда өмір сүреді.
-Сонымен қатар,аңдарды аңдар саябағынан қөруге болады.Балалар, қараңдар аңдар бізден қорқып тығылып қалыпты.
Ойын: «Ненің басы,ненің құйрығы?»
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ,сұр қоян.
Ытып шықты далаға.
Жан-жағына қарады,
Жүгірді, секірді.
Орнына барып отырды.
Ал енді,балалар саябаққа барайық.Саябактың ішіндегі тақтаға суретші сурет салып қойған.Бірақ бұл суретте бір қателік бар сияқты.
Кәне көріп табайык,
Саябақтың ішіндегі жануарлар адасып,үйлерін таба алмай жатыр,көмектесейік.
Мына саябақтағы аңдар туралы қандай тақпақ білесіңдер?
1.Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
2.Бұрын көріп, білмеп ем,
Қандай үлкен піл деген!
Әрі тұмсық,әрі қол,
Мұрнын жұмсар бәріне ол.
3.Кірпі, кірпі,кірпі,
Үстің толған ине,
Бірін берсең шіркін,
Қадар едім түйме.
4.Қоян-ау,ақ қоян,
Үркек қоян,сақ қоян.
Қаша берсен қалыңға,
«Қорқағым»деп ат қоям.
5.Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың иті көп,
Ұрлық,зорлық – кәсібім,
Тамақтанар нәсібім.
6.Түлкі деген қу,неткен
Жүрген жерің шу еткен.
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
7.Мен көкжал қасқырмын,
Аш болсам ұлимын,
Ауылды торимын.
8.Құйрығы оң қарыс,
Бұл айбатты жолбарыс.
Коян, қасқыр, түлкі, аю, керік, тиін- жабайы аңдар деп атаймыз.
Олар орманда тұрады.
3. Қорытынды
Ойын:»Жабайы жануарды тап »
Шарты:Балалар мен сендерге
Жануарлардың атын атаймын,ал сендер жабайы жануарлардың аттарын айтқанда ғана қолдарыңды шапалақтауларың керек.
Балалар сиқырлы сандықтың ішінен нені көрдік?
Дұрыс аңдарды көрдік.
Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Ал аңдар седердің құтқарғандарың үшін сендерге
рахмет айтады және сыйлық қалтырып кетіпті.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: 1581963
Просмотров: 10 | Загрузок: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar