Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Адам және Отан


10.10.2018, 08:31

Мектеп: №3 Күршім гимназиясы Мерзiмі: 25.04.2018 жыл Мұғалiм: Чайзатов М.С. Сынып: 9 Оқушылар саны: 12 Тақырып: «Адам және Отан»
Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: ізгілік, риясыз қызмет ету, мейірімділік.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Отанның маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1.Оқушыларда ізгілік қасиетін қалыптастыру
2.Риясыз қызмет ету қабілеттерін дамыту.
3. Мейірімділікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)оқулық, дәптер, А4 беттер, маркерлер, қарындаштар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi: Амандасу, Түгендеу, 5 Т ережесін еске түсіру
2. Топқа бөлу.

Тыныштық сәтi.
Ыңғайлы және еркін отырыңдар. Көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп елестетіңдер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырып жүрмін деп ойлаңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сенің жаман көңіл-күйің кетсін. Ішіңізден қуанышты сезін. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын», ... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын».
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Көздеріңізді жайлап ашыңыз.
Сұрақ:
1.Осы тыныштық сәтінде қандай күйде болдыңыздар?
2.Айналаңа, жақындарыңа, туыстарыңа, достарыңызға, өзіңізге жақсы тілек тілеудің әсері қандай болды?
Түйін.
-Ендеше әрқашан бір бірімізге жақсы тілектерімізді жалғастыра отырып, бір бірімізге сүйіспеншілікпен қарап, әрқашан қарым -қатынасымызды дұрыс әрекеттер арқылы қиянат жасамай, ішкі тыныштығымызды сақтайық. Ол бізді бақытқа жеткізеді.
Тақырыпқа келу



Балалар суретте не бейнеленген?
• Олар қандай мағына береді?
Ескерту
2 мин.

5 мин.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
29-сабақ. 139- бет Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романынан үзіндісімен танысып келу
- Туған жердің қадірін қай кезде білеміз?
- Туған жерінің артығын қай кезде біледі?
- Адамға Отаны, атамекені, туған жері неліктен ерекше әсер етеді?
* Отанға деген сүйіспеншілікті қалай танытасың?
*Туған жерге өзіңнің қосып жатқан үлесің бар ма?
* Өзің туған, өскен, тұрған жеріңе қосқан үлесің туралы не айта аласың? Оқушылар сұрақтарды слайдтан оқып, кезекпе-кезе жауап береді.
3 мин.
3.Жағымды ой пікір.
Дәйексөз.
«Отаны бірдің тілегі бір,жүрегі бір»
Н.Назарбаев
Бәріміз қосылып айту
Сұрақ.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндірер едіңдер? 5 мин.
3. Оқиға айту .(Мұғалімнің сыйы.)
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
қынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту¬ған күніне байланысты мынадай сөз айта¬ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан¬да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен»
«Отан туралы» атты видеороликтен үзінді
* Бейнеролик не туралы?
* Атамекенді қалай сипаттады?
* Отанға деген Риясыз сүйіспеншілікті сен қалай түсінесің?
* Сен Отанға деген сүйіспеншілігінді қалай білдіресің?
Оқушылардың жауаптарына назар аудару
10 мин.
.
5.Шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық тапсырма.
1- топ. Отан, туған жер, атамекен туралы өлен жазу.
2- топ. «Менің сүйікті өлкем» тақырыбына сипаттау.
3- топ. Сахыналау: атамекеніне сағыныш білдіру.

Бағалау
Шапалақ ұру:
1 рет-жақсы
2 рет-орташа
3 рет-қанағаттанарлық 7 мин.
Топпен ән айту.
«Атамекен» әні
Сөзі: Қ.Мырзағали
Әні: Е.Хасанғалиев
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайырмасы
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем
Қайырмасы
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем
3 мин.
Үй тапсырмасы.
30-сабақ 141 беттегі Ш.Мұқашеваның «Отан» шығармасын оқу.
1 мин.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айттылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Енді көздеріңді аша ғойындар. Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін. 2 мин.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: murat_ch | Теги: Күршім ауылы, Күршім ауданы
Просмотров: 7 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar