Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Бір қатар сап тізбекпен баяу және жылдам жүру.


25.09.2018, 21:07
Бірінші кіші топқа арналған ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу жоспары№1

Күні:3.09.2018ж
Білім беру саласы: денсаулық
Өтпелі тақырып:балабақша
Тақырыпша: менің балабақшам.
Тақырыпша:1.Бір қатар тізбекпен баяу және жылдам жүру.
2. Қол ұстасып, шеңбер құрып тұру.
Мақсаты:
А) жылдам қозғалуды, баяу, жылдам жүруді және жоптарды себетке салуды үйрету.
Ә) қимылды орындарды қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.
Б) дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: кішкентай доптар, жүруге арналған жолдар, әр түстегі шарлар және себеттер.
Ұйымдастыру кезең сабақ барысы (10мин)
1. Бір қатар сапқа тұру.
2. Сәлемдесу.
(Нұсқауларды орындау)
Арнаулы жаттығулар:
-тізбекпен жүгіру;
-қол белде, аяқты кезек-кезек жоғары көтеріп жүгіру;
-баяу жүгіру;
-жай жүгіріспен жүру.
Балаларға үлкен себеттегі кішкентай доптарды беріп, бірінің соңынан бірін жүгіргізіп, шеңберге тұрғызу.
Жан-жақты дамыту жаттығулары:
(Кішкентай доптармен)
1. Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: «Допты иыққа тигіз!»
Б.қ. (Бастапқы қалып): негізгі тұрыс, допты қос қолмен кеудеге ұстап тұру
1. Екі қолмен ұстаған допты алға созу;
2. Қос қолдағы допты оң иыққа тигізу;
3. Екі қолмен ұстаған допты алға созу;
4. Қос қолдағы допты сол иыққа тигізу; (3-4 рет)
5. Бастапқы қалыпқа келу.
2. Дене дұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
«Иілу»
Б.қ.: негізгі тұрыс, допты қос қолмен ұстайды, аяқ арасы сәл алшақ.
1.Допты қос қолмен жоғары көтеру;
2. Допты алға созып иілу;
3. Б.қ. келу.
3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
«Алға, артқа секіру»
Б.қ.: аяқ бірге допты екі қолмен кеудеде ұстау.
1.Алға қос аяқпен секіру;
2.Артқа қос аяқпен секіру;
3.Б.қ. келу.(3-4 рет)
Тыныс алу:
-тік тұру.
-допты алақанға кою.
-алақандағы допты үрлеу.
(Мұрынмен ауа жұтып, ауызбен дем шығару).
Негізгі қимыл жаттығулары:
1.Бір қатармен баяу және жылдам жүру.
(Педагогтің соңынан бір қатармен ілесіп жүру).
2.Қол ұстасып, шеңбер жасау.
«Қуыршақтарға қонаққа бару» ойыны:
1.Ойын шартын түсіндіру.
2.Балалармен бірлесе ойнау.
1.Балаларды мақтап, мадақтау.
2.Жүріс түрлерінің дұрыс орындалуын бақылау.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Қорытынды: балалар бүгін сабақты неден бастадық?
Бүгін сабақта жана не үйрендіңдер?
Сабақ несімен ұнады сендерге балалар?
Жарайсыңдар балалар ЖДЖ-дың қалай орындалуын түсініп жақсы игере білдіңдер.
Өз еріктеріңмен және тәрбиешінің көмегімен жүріс түрлерін, қол ұстасып шеңбер жасау, доптары себетке салу іскерліктерін меңгере алдыңдар.
Бүгінгі ҰОҚ жақсы қатысқандарын үшін мен сендерге жұлдыз беремін.
Категория: Поурочное планирование | Добавил: sandra89 | Теги: г.Петропавловск
Просмотров: 23 | Загрузок: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar