Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Музыка. Қазақтың киелі домбырасы


19.09.2018, 16:56

Пәні\предмет:
Күні/Дата: Сыныбы: 7
Мұғалімнің аты-жөні:

Бөлім тақырыбы/Тема раздела Музыка. Қазақтың киелі домбырасы
Сабақ тақырыбы/Тема урока Күй қазақтың сырласы мен жолдасы
Оқу мақсаты / Цели обучения (ЦО) 7.4.4.1 тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну
7.1.1.1 мәтін үзіндіні тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.
Сабақ мақсаты / Цели урока Оқушылардың барлығы орындай алады:
Мәтіннен үзінді тыңдай отырып, негізгі ойды түсінеді. Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды, таныстырылым жасайды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжай отырып, эмоция кестесін жасайды және баяндайды.
Оқушылардың кейбірі орындай алады:
Жинақтаған ақпараттарынан өнім, яғни презентацияны қосымша ақпараттармен толықтыра отыра, жасап, қорғау.
Бағалау критерийлері / Критерии оценивания Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды;
Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжай алады;
Тақырыпқа қатысты презентация жасай алады;

Тілдік мақсаттар / Языковые цели
Дағдыларды дамыту / Развитие навыков:
Тыңдалым, оқылым
Үштілділік / Трехъязычие:
Эмоция мен жаңа сөздер, презентация үш тілде
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері / Основные термины и словосочетания:
Күйші, сырласы, жолдасы, ұлттық, киелі, көңіл күй
Талқылау сұрақтары / Вопросы для обсуждения:
Күй адам сезімін жеткізе ала ма?

Ресурстар/ Ресурсы Оқулық, ғаламтор, Quizlet.com, маркер, ватман, стикер, презентация, видео, ән.
Оқыту
Сабақ кезеңдері/ Этапы урока Мұғалімнің іс-әрекеті / Деятельность учителя
Саралау тәсілдері / Способы дифференциации
(расписать что и как) Қалыптастырушы бағалау тәсілдері / Методы форматвного оценивания
(расписать что и как)
Сабақ басы/ Начало урока


5 минут Мақсаты/ Цель: Ұлттық атмосфера тудыру
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал тудыру үшін «Қанталапай» қазақтың ұлттық ойынын ойнатамын

Мақсаты/ Цель: Тақырыпқа болжау жасау үшін
«Көңіл толқыны» күйін тыңдатамын.

Қандай аспап ойнап жатыр?
Қандай оркестр орындауында болып жатыр?

Топқа бөлу:
«Қара жорға» әнін қойып, билейді, өлең тоқтағанда (2,3,4) бір бірін ілесе ұстасып, сол ұстасқан күйде топ болады. Әр топ ұлттық нақышта топқа атау беру қажет.

.

Деңгейі төмен оқушыларға аспап суреттері бар карточкалар көмек береді.
Деңгейі орта мен жоғары оқушылар ауызша жауап бере алады.

Сабақ ортасы/ Середина урока





Тыңдалым алды тапсырмасы:
Бүгінгі тақырыпқа байланысты жаңа сөздер:
1- Тапсырма. Пазл әдісі: Домбыра сұлбасы бөлшекке бөлініп, ұсақталған бөлшектерге үш тілде сөздер жазылған, соларды біріктіріп, сұлбаны құрастырыңдар.
Көңіл айту – сочуствовать
Күйші - composer
Сұмдық - зло
Аңшылық - hunting
Жар салады - хабарлайды
Quizlet.com арқылы гравитация бөлімімен қайталатады.



Тыңдалым кезіндегі тапсырма:
Топтық жұмыс
Мақсаты/ Цель: мәтін үзіндіні тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.
Мәтін үзіндісін тыңдайды..
2-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі
Миға шабуыл сурет негізінде оқиға желісінің әрі қарай дамуы мен аяқтауын болжаңдар.



Ертеде бір ханның жалғыз ұлы болады. Бір күні ханның ұлы аң аулауға шығады.Ханзада жайылып жүрген бір топ құланға кезігеді. Ханның ұлы үйірді бастап жүрген құланды атадады. Жараланған құлан ханныі баласын тұяғымен теуіп өлтіреді. Баласын бірнеше күн күтіп, аңшылықтан оралмаған соң бір сұмдықтың болғанын сезген хан: «Кімде кім ұлым туралы жаман хабаржеткізсе, көмейіне қорғасын ерітіп құямын!» деп, жар салады.

Мәтін үзіндісінен түсінгендерін нақтылап алу мақсатында сұрақтар қойылады.
- ертеде кімнің ұлы болады?
- Ұлы қайда шығады, не істемекші болады?
- Ханның ұлына не болды?
-Хан қандай жар салады?
-Әрі қарай не болады? Хан ұлының қазасын кім естіртеді деп ойлайсыңдар?

Топтық жұмыс:
3-тапсырма. Берілген мәтін мен суретті сәйкестендіріңдер. Карусель әдісі арқылы өзара талқылаңдар.

Бұл хабарды естіген халық ханның алдына барып, көңіл айтудан қорқады. Не істерлерін білмей қатты қиналған уәзірлер ел ішіндегі атақты күйшіге келіп өтініш айады. Күйші ханның алдына келіп, рұқсатын алған соң, домбырасын қолына алып, бір күйді ойнайды.

Күңіренген күйдің сазымен аңшылық көрініс, ашулы құландардың тұяқтарының дүрсілі, жалғыз ұлының қаза тапқаны ханның көз алдынан өтіп жатады. Күйдің құдыретінің арқасында хан болған жайды түсініп, егіліп жылайды.

Бір кезде есін жиған хан: Ұстаңдар мына күйшіні! Деп уәзірлеріне әмір беріпті. Сонда күйші : Дат, тақсыр! Мен емес, мына домбыра ғой сізге естірткен, депті.
Олай болса, досбыраның шанағынна құйыңдар қорғасыңды! дейді хан. Міне сонда бері қазақ домбырасының шанағында тесік пайда болыпты. Бұл күйді есірткен Кетбұға күйші екен.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Мақсаты/ Цель: Домбыраның құдыреттілігі атты тақырыпқа, сабақты қорытындылау мақсатында шағын презентация жасау.
4-тапсырма. «Домбыраның құдыреттілігі» атты тақырыпқа презентация жасаңдар.

Үй жұмысы
Мына сұрақтарға жауап:
- Домбыраны электронды етсе ұлттық нақышын жоғалтпай ма?
- Домбыраның тесігін үлкейтсе дыбысы өзгере ме?

Бағалау:

Критерий Дескриптор Балл

Негізгі ойды түсінеді, оқиғаның дамуын болжай алады
- Сурет пен мәтінді сәйкестендіреді
- Сөздерді сызбаға салу;
- Болжамның нақтылығы

3
Тақырыпқа қатысты жұмыс жасай алады -Оқиға картасын құра алады
-Сұрақтарға жауап бере алады
-Презентация жасай алады

3

6. ББ стандартынан (оқу мақсатынан) жоғары тапсырма:
Егер оқушылар тапсырманы аяқтаса, оларға қандай қосымша тапсырма бересіз? Ол тапсырма оқушыларды қай қырынан дамытады? Ол тапсырма өмірмен байланысты ма, сыни ойлау\зерттеушілік\адамдармен қарым-қатынас жасау білу\АКТ дағдыларын жетілдіре ме, шығармашылығын дамытады ма?
«Эмоция кестесі» әдісі
Мақсат: Мәтіннің негізгі ойын түсінгенін білу мақсатында, мәтінді бекіту үшін оқиға барысындағы «эмоциясын» кестесімен байланыстырып сызбаға түсу.


7. ББ стандартынан (оқу мақсатынан) жоғары тапсырма:
Дарынды балаларды дамыту үшін қандай тапсырманы\ әдісті ұсынасыз? Ол тапсырма қай тұрғысынан қиын? Тақырыпқа тереңдейсіз бе, өзге пәнмен байланыстырып күрделендіресіз бе? Тапсырма оқушыларды қай қырынан дамытады? Ол тапсырма өмірмен байланысты ма, сыни ойлау\зерттеушілік\адамдармен қарым-қатынас жасау білу\АКТ дағдыларын жетілдіре ме, шығармашылығын дамытады ма?

Деңгейі төмен оқушыға қазақша ағылшынша аударма сөздігі беріледі.
Деңгейі орта және жоғары оқушылар жаңа сөздерді пайдалана отырып, тақырып бойынша сөйлемдер құрайды.

Дейгейі төмен оқушыларға тірек сөздерді беремін
Деңгейі орта оқушыларға көмекші сұрақтар қойылады
Деңгейі жоғары оқушылар өз болжамын түпнұсқамен салыстырады.

Деңгейі төмен оқушылар дұрыс/бұрысын түпнұсқа мәтінге сүйене отыра, үлестірме қағаздарды толтырады.
Деңгейі орташа оқушылар мәтінді сәйкестендіреді.
Деңгейі жоғары оқушылар «спикер» ретінде каруссель әдісінде топтарға баяндайды.

Деңгейі төмен оқушылар презентацияға (инженер) жауап береді.
Деңгейі орта оқушылар мәлімет жинақтайды.
Деңгейі жоғары оқушылар «спикер», яғни жасаған өнімін қорғайды.



Оқушылар өз тапсырмаларының дұрыстығын мұғалімнің кері байланысынан анықтайды.
«Қолшапалақ» әдісі



Оқушылар өз тапсырмаларының дұрыстығын мұғалімнің кері байланысынан анықтайды.
Басбармақ әдісі арқылы бағалау



Оқушылардың бір біріне кері байланысы арқылы «Жапон бағалау әдісі»



Тапсырманың дұрыстығын дескриптордан анықтайды

Сабақ соңы / Конец урока
Рефлексия
Мұғалім әр оқушыға стикер береді. Балалар стикерге үш критерий бойынша:

-Толық түсіндім, ақпарат жеткілікті
-Түсіндім, толық түсінуге ақпарат жеткіліксіз болды
-Түсінбедім, ақпарат түсініксіз болды
домбыра сұлбасына жабыстырады
.
Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы / Рефлексия учителя по проведенному уроку
Жалпы бағасы / Общая оценка
Мұғалімнің бақылауынша, сабақта оқыту үдерісі қалай іске асты? Жоспарлаған тапсырмалардың барлығын орындауға оқушылар үлгерді ме? Сабақ барысында жоспардан тыс қандай қосымша іс әрекет қосылды, қайсы алынып тасталды?
Оқушылардың рефлексиясы бойынша, сабақ үдерісі қалай өтті? Оқушылар өз рефлексиясында қандай жауаптар ұсынған? Сіз келесі сабағыңызда өз бақылауыңыз бойынша, оқушылардың рефлексиясы бойынша нені өзгертесіз?

Категория: Поурочное планирование | Добавил: mmengalieva
Просмотров: 28 | Загрузок: 14 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar