Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Пән: Жаратылыстану. Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Дәрумендер қайда?»


15.09.2018, 16:27

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным» «Қатынас»
Пән: Жаратылыстану. Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Дәрумендер қайда?»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: балалардың мінез- құлқында қарапайым әдеп ережелерін бекіту.
3.Оқыту: көкөністер, жемістер азық-түлікке жататынын туралы білімдерін кеңейту; оларды түрінен, дәмінен айыруын үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, дамытушы технология.
Ресурстармен қамтамасыз ету: д/ойындар: «Ненің жапырағы», «Жемістерді тап», «Көкөністерді тап»; тапсырма: «Тәтті, ашы» , ақша, банкалар иістермен, жапырақтар.
Билингвалдық компонент: ақша- деньги, тәтті-сладкий, ашы-соленный.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
-Балалар бізге аспазшы ұсынысымен келді. Ол сендерден көмек сұрайды. Балабақшаның асханасында жемістер мен көкөністер бітіп қалды. Балалар не істейміз? Балалар жемістер мен көкөністерді қайдан алуға болады?
-Балалар жемістер мен көкөністер сатып алу үшін ақша керек.
-Балалар тапсырманы орындап, ақшаны алайық.
2. Негізгі бөлімі
Тәрбиеші балаларға бірінші тапсырманы ұсынады.
Д/ойын: «Жемістерді тап», «Көкөністерді тап». Балалар карточкамен тапсырманы орындайды. Мысалы:
Алма ағашта өседі.
Қияр бақшада өседі.
Тәрбиеші орындаған тапсырмаларға ақша береді. Келесі тапсырманы ұсынады.
Тапсырма: «Тәтті, ашы» балаларға алма, лимон, қияр т.д дәмін алып ажыратуға ұсыну. Балаларды мадақтап ақшаны береді.
Сергіту сәтін.
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық
Кап-кап қарбыз алдық.
Д/ойын: «Ненің жапырағы» (Балалар көкөністердің жапырағын алып табады).
Балалар ақшаны алып дүкенге барады.
Балалар дүкеншіден жемістер мен көкөністер дүкенге қалай түседі деп сұрайды.
Дүкенші балалардың сұрағына жауап береді.
Балалар ақшаға сатып алады. Аспазшыға береді.
3. Қорытынды.
-Балалар сендер не сатып алдындар?
Аспазшы: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге өте риза болдым.
Рахмет сендерге.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: 1581963
Просмотров: 26 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar