Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Қысқа мерзімді жоспар. Изотоптар.


05.06.2018, 12:00

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар
Мектеп: Рубежин ЖОББМ - балабақшасы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мурзагалиева Жанылсын Исатаевна

СЫНЫП: 7 Қатысқандар :
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Изотоптар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.1.2.7 Изотоп түсінігін білу.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Изотоп ұғымының анықтамасын біледі;
Оқушылардың басым бөлігі:
• Элементтердің әртүрлі изотоптарына мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар:
• Радиоактивті изотоптардың қолдану салаларын біледі.
Бағалау критерийі • Изотоп ұғымын біледі, мысал келтіреді.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
Орындай алады:
- атом химиялық қасиетін сақтайтын заттың ең кіші бөлшегі болып табылатынын ауызша түсіндіру.

Негізгі сөздер мен тіркестер:
- атом, молекула, элемент, протон, нейтрон, электрон, изотоп.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

• Атомнан кіші кез келген бөлшек ..., ... немесе ... бола алады
• Изотоп дегеніміз менің ойымша...
• Элемент изотоптарының бір –бірінен айырмашылығы ...
Құндылықтарға баулу топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, қарым-қатынас жасау қабілеті, ынтымақтастық, білім алуға дайын болу.
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану - «Заттар және физикалық денелер» (5-сынып)

Алдыңғы оқу
«Заттар және физикалық денелер» (Жаратылыстану, 5-сынып)
«Химия пәні . Элементтер, қосылыстар және қоспалар» (7. 1 A бөлім)

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар

Сабақтың басы
8 мин 1 мин
2 мин

5 мин

2 мин Ұйымдастыру кезеңі
Ширату. «Мозайка» әдісі. Суреттер (протон, нейтрон, электрон) арқылы сынып оқушылары топқа топтастырылады.
Химиялық диктант (жеке жұмыс)
1. 1910 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд ... ... ... ұсынды.
2. Атом ... зарядталған ядродан және оны айнала қозғалатын ... зарядталған электрондардан тұрады.
3. Атом ядросының құрамы ... және ... деп аталатын бөлшектерден тұрады.
4. Атомдағы протон мен нейтрон қосындысы ... деп аталады.
5. Протон саны элементтің периодтық жүйедегі ... тең.
Керекті сөздер: z, +, p, -,n, массалық саны, атомның планетарлық моделі.
Дескриптор
Білім алушы
- Атом құрылысын біледі.
- Атом ядросының құрамын айқындайды .

«Қол шапалақтау» әдісімен топта белсенді жауап берген оқушыларды мадақтау.

Экранда 12С 13С 14С көміртек атомының изотоптары көрсетіледі. .
- Олардың қандай айырмашылық байқадыңдар?
- Периодтық жүйеде неге барлығы жоқ?
(Оқушыларды изотоптың анықтамасын құрастыруға бағыттау).
Жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады.

Қағаз қиындылары

Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы
32 мин 8 мин

2 мин

2мин

2 мин

2 мин

3 мин

3 мин

3 мин

3 мин Оқулықпен жұмыс. Топта талқылау.
«Серпілген сауал» әдісімен әр топ бір-бір сұрақтан құрайды.
Кері байланыс. Қалай ойлайсыздар, сабақ барысында топтық жұмысты қолдану қаншалықты тиімді? (ой бөлісу)

1-тапсырма. Суретте сутектің изотоптары: протий, дейтерий және тритий берілген. (жұптық жұмыс)



(а) Бір химиялық элементтің изотоптары арасындағы ұқсастықты көрсетіңіз _____________________________________________________________________

(b) Бір химиялық элементтің изотоптары арасында қандай айырмашылықты көрсетіңіз _____________________________________________________________________
(с) «Изотоп» ұғымы анықтамасын тұжырымдаңыз.
Изотоптар – ________________________________бірдей, бірақ,______________________________________________________ түрі.

Дескриптор
Білім алушы
- бір химиялық элементтің изотоптары арасындағы ортақ белгіні көрсетеді;
- бір химиялық элементтің изотоптары арасындағы айырмашылықты көрсетеді;
- изотоптардың анықтамасын құрастырады

2 - тапсырма.
(а) Сутектің изотоптары үшін атомдық массасы мен құрамын көрсетіңіз:

Сутектің изотопы Протий Дейтерий Тритий
Протон саны
Нейтрон саны
Электрон саны
Атомдық массасы

(b) Оттектің изотоптары үшін атомдық массасы мен құрамын көрсетіңіз:

Оттек изотопы 16О
8 17О
8 18О
8
Протон саны
Нейтрон саны
Электрон саны
Атомдық массасы

© Басқа элементтердің изотоптарына мысал келтіріңіз: __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
− сутектің изотопы үшін құрамы мен атомдық массасын көрсетеді;
− оттектің изотопы үшін құрамы мен атомдық массасын көрсетеді;
− басқа элементтің изотоптарына мысал келтіреді.
Жұп өзара смайлик арқылы бағалайды

Сергіту сәті (қимыл қозғалыс)

Бір-біріне ашық сұрақ қояды.
Оқушылар өз ойларын ауызша айтады

Таратпа материал

Таратпа материал

Смайликтер

Ән ырғағы
Сабақтың соңы
5 мин
3+2мин

Рефлексия: «Шығанақтағы кеме»
(бүгінгі сабақ тиімді болды ма? Қажет пе?)

- сабақ ұнаса, тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң,желкенді жасыл түске;
-сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң сары түске;
- тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалім көмегі қажет болса қызыл түске бояңдар.
Үйге тапсырма. Қосымша әдебиетті пайдалана отырып, “Жеңіл және ауыр судың қасиеттерін салыстыру” атты хабарлама дайындау.
Түрлі түсті қағаз қиындылары

Қосымша әдебиет, интернет ресурс
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және
қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Топтық, жұптық жұмыс.
2.Барлық оқушыларға изотоптарға мысал келтіру, оларды анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне изотоп түсінігін білу, мысалдар келтіру ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға радиоактивті изотоптардың қолдану салаларын зерттеу арқылы олардың білімдерін кеңейту. 1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.
2. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара
«қол шапалақтау» бойынша жетістіктерін айқындау.
3.Кері байланыс (ауызша.)
4. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану.
5.Рефлексия «Шығанақтағы кеме». Сергіту сәті.Музыка ырғағымен қимыл қозғалыс.

Рефлексия
Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Категория: Поурочное планирование | Добавил: Zhani__9292
Просмотров: 76 | Загрузок: 36 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar