Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Бақылау жұмысы 2. "Бейметалдар"


10.04.2018, 12:34

Күні:
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы № 2. «Бейметалдар».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, химиялық қасиеттері, қосылыстарына сипаттама беру дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға, ғылыми құштарлыққа, ұқыптылыққа, өз беттерімен есептер шығаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың типі: білімді қорытындылау, меңгерту сабағы.
Пәнаралық байланыс: математика.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, есептер шығару.
Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар: қима қағаздар, Д.И.Менделеев жасаған периодтық кесте, заттардың суда ерігіштігі кестесі.
І. Ұйымдастыру:
-сынып оқушыларын түгендеу;
-әзірліктерін тексеру;
-назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сұрақ-жауап» әдісі.
1. Периодтық жүйені пайдаланып, 3 бейметалды атаңдар.
2. Бейметалдардың кристалдық құрылымында атомдар арасынд қандай химиялық байланыс болады?
3. Бейметалдардың кристалдық тордың қандай түрлері бар?
4. Төменде көрсетілген элементтердің қайсысы бейметалдарға жатады?Li, Na,He, N, Pb, P, Si, Xe, As, Fe, Zn, I, C, Br.
5. Мына бейметалдардың қайсылары кәдімгі жағдайда: а)газ; ә) сұйық; б) қатты күйде кездеседі. B, H2,O2, Br2,Cl2, Si, Kr, C,I2?
6. Үшінші және төртінші топтардағы бейметалдарды анықтап, атом құрылысы тұрғысынан физикалық қасиеттеріне сипаттам беріңдер.
7. Атомының сыртқы электрондық қабатының конфигурациясы: ns2np3, ns2np5 болатын бейметалдар атаңдар.
8. Азот пен ауаның қайсысының тығыздығы үлкен? Неше есе?
9. а)Фосфор (ІІІ), оксидіндегі; ә) фосфор (V) оксидіндегі фосфордың массалық үлесін есептеңдер.
10. Көміртектің қандай аллотропиялық түрлері бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бақылау жұмысы №2
Тақырыбы: «Бейметалдар».
Мақсаты: «Бейметалдар» тарауын бойынша өткен тақырыптардың меңгерілуін тексеру.

І –нұсқа

1. Берілген NH3, Mg3N2, N2O3, HNO2, NO2, Na3N, N2O5, KNO3, N2O қосылыстардағы азоттың тотығу дәрежелерін анықтаңдар.
2. Аммоний гидрокарбонаты кондитер тағамдарын пісіруге қолданылады. Егер қамырға NH4HCO3 қосылған болса, термиялық айырылу кезінде барлығы қанша көлем қ.ж. газ түзіледі?
3. Төмендегі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
А) SiО2 → Si → Mg2Si → SiH4 → SiO2→ Na2SiO3→ H2SiO3
Б) H2SO4→H2→НCl→AlCl3
4. 42 л иіс газын жағу үшін ауаның қандай көлемі (қ.ж.) жұмсалады? (Егер ауадағы оттектің көлемдік үлесі 0,2-ге тең болса).
5. Лабораторияда хлорсутектің массалық үлесі 0,36 болатын 200 г ерітіндісін марганец (ІV) оксидімен әрекеттестіргенде, хлордың қандай көлемі (қ.ж.) алуға болады?

ІІ нұсқа

1. Берілген Н2S, SO3, К2S, K2SO4, СаS, Na2SO3 қосылыстардағы күкірттің тотығу дәрежелерін анықтаңдар.
2. 1 т пиритті (FеS2) өртегенде, оның шығымы 75% болса, қагша көлем (қ.ж.) күкіртті газ алуға болады?
3. Төмендегі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
А) СО2→Са(НСО3)2→СаСО3→ СаСl2→ СаСО3→ СО2
Б) Н2SiO3→SiO2→K2SiO3→H2SiO3→SiO2→Si
4. 1 т кальций карбонатын сұйылтылған азот қышқылымен һңдегенде, шығымның массалық үлесі теориялық мүмкіндіктің 85%-і болса, қанша кальций селитрасын алуға болады?
5. 50 г әктасты өртегенде 20 г көмірқышқыл газы түзіледі. Барлық кальций карбонаты айырылады деп есептеп, әктастың осы үлгісіндегі кальций карбонатынынң мөлшерін процентпен есептеп шығарыңдар.

Қосымша тапсырмалар:
1. 20% қоспасы бар 62,5 г мәрмәрді тұз қышқылының артық мөлшерімен өңдегенде түзілген газды қатты қызған көмірдің шоғы арқылы өткізді. Осы кезде қандай газ, қанша көлемде (қ.ж.) түзіледі?
2. 15 г аммоний хлоридін 10 г кальций гидроксидімен араластырды. Реакция нәтижесінде қандай газ қанша көлемде бөлінеді?
3. Натрий сулфаты мен натрий карбонатының 10 г қоспасына сұйылтылған күкірт қышқылымен әсер еткенде 0,85 л көмірқышқыл газы түзілді. Бастапқы қоспадағы әр тұздың массалық үлесін анықтаңдар.
ІV. Үй тапсырмасы: қайталау.
V. Қорытындылау және бағалау.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: Zhani__9292
Просмотров: 16 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar