Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

"Табиғат-тіршілік көзі" 6 сынып"


03.04.2018, 18:01

"Табиғат-тіршілік көзі" тақырыбындағы 6 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары жоспарға сай, алға қойылған мақсаттар бойынша өткізілді. Сабақта сыни тұрғыдан ойлау, диалог, АКТ, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, бағалау модульдерін қолдандым. Сабақ өте қызықты да, тиімді өтті. Оқушылар сабақта тірек сөздерді біріктіру арқылы екі топқа бөлініп, "Ой қозғау" әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжай білді. Мәтінмен жұмыста әр топ өздеріне арналған мәтіндермен жұмыс жасады. Оқулықпен жұмыс барысында оқушылар жеке жұмыс атқарып мәтіндегі көп нүктелерге септік жалғауларын қойып жазды. Сыни тұрғыдан ойлау және жас ерекшеліктеріне сай оқыту модулі бойынша "Табиғатқа" байланысты тестпен жұмыс жүргізілді. Сабақтың соңына қарай рефлексия жүргізілді. әр тапсырманы соңында топтар бір-бірін бағалап отырды.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: zhadrarezhabova
Просмотров: 19 | Загрузок: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar