Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Краткосрочное планирование по теме: М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді).


23.03.2018, 15:49

Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достығы
Сабақтың тақырыбы М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді).
Сабақтың түрі Қорытынды сабақ
Жүзеге асатын оқу мақсаттары 5.Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
5.ТБ1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Сабақтың мақсаты Эссені талаптарға сай жазуға дағдыландыру.
Болымды, болымсыз етістіктерді тілде орынды қолдануға үйрету.
Барлық оқушылар:
Көркем шығарма үзіндісінің мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Болымсыз етістіктің жасалу жолын біледі.
Көптеген оқушылар:
Эссенің құрылымын бұзбай жазады. Болымды, болымсыз етістіктерді жазба жұмысында орынды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Эссе жазуда өзіндік стильді қолданады. Шығармадағы оқиғаға сыни пікір білдіріп, баға бере алады.
Бағалау критерийлері • Эссе құрылымын сақтайды;
• Болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады
Дескриптор • Эссенің кіріспе, негізгі қорытынды бөлімдері анық жазылған;
• Аргумент келтірілген;
• Шығармадағы оқиғамен байланыс бар;
• Болымды, болымсыз етістіктер сөйлемдерде орынды қолданылды
Тілдік міндеттер Лексикалық минимум
Түрлі ұлт өкілдері, құндылық, түсіністік, ынтымақ, бауырына басу, өгейсітпеу, төзу.
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар
Менің ойымша, біріншіден, сонымен қатар, қорытындылай келе т.б.
Құндылықтар Адами құндылықтар. Қазақстан – түрлі ұлттардың ортақ шаңырағы.
Мұғалім әр оқушыға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.
Осыған дейін меңгерілген білім М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді). Шығарманың мазмұнымен танысып, композициялық құрылымына талдау. Кейіпкерлерге мінездеме беру.Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: Altin | Теги: ҚМЖ, қазақ тілі, 5 сынып
Просмотров: 69 | Загрузок: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar