Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

Краткосрочное планирование по теме: "Еңбек-денсаулық кепілі"


19.03.2018, 22:26

7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары тақырыбы: "Еңбек - денсаулық кепілі". Сабақтың мақсаты:мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу, шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.Сабақ нәтижесі:Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.Бағалау критерийі:Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.Қажетті ресурстар:Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік,рефлексия.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі. Сабақта «Ыстық орындық» орындық әдісі қолданылған.(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.Жаттығудың сипаттамасы:Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Cабақтан кейін рефлексия берілген, онда мына сұрақтарға жауап беру қажет.
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Категория: Поурочное планирование | Добавил: Saulesha | Теги: қазақ тілі мен әдебиеті
Просмотров: 64 | Загрузок: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar