Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование

7-сынып геометрия пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары "Үшбұрыштың теңдігінің белгілері"
· Скриншот

18.03.2018, 19:49

7.2В бөлім:Үшбұрыштар
(6 сабақ) Мектеп: Салқынкөл орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Назымбек К.Қ.
Сынып: 7 а Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің белгілері.
Сабақтың түрі: Бекіту және қолдану
Оқыту мақсаттары 7.1.1.22 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есеп шығару мен дәлелдеулерде қолдану;
Сабақ мақсаты Үшбұрыштар теңдігінің белгілерімен есеп шығарады, оларды дәлелдейді және қолданады;
Бағалау критерийлері Үшбұрыштар теңдігінің белгілері арасындағы айырмашылықтарды көреді.
Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдейді.
Тілдік мақсаттар -үшбұрыштар қабаттастыру кезінде беттессе, онда...;
- үшбұрыштар ... белгісі бойынша тең;
- үшбұрыштардың теңдігінен ...;
- үшбұрыштар тең болғандықтан ... тең болады;
- екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш арқылы...;
Құндылықтарды дарыту
Жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, жаңа материалды тез игеруге дайын болу
Пәнаралық байланыстар
АКТ қолдану дағдылары Презентация
Бастапқы білім
Үшбұрыштар, бұрыштар, вертикаль бұрыштар.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың бас кезінде «жасырын телефона» арқылы оқушылардың психологиялық көңіл күйін жақсарту үшін ойнатылады. Ойынның мақсаты оқушылардың бір-біріне сенімі, топпен жұмыс жасау.
Үй тапсырмасын тексеру № 9.6 53 бет
Өткенді қайталау. Сұрақ-жауап арқылы.
- Үшбұрыштың неше элементі бар? (3)
- Үшбұрыштың теңдігінің бірінші белгісі қандай?
- Үшбұрыштың бірінші белгісіне қандай элементтер керек?
- Үшбұрыштың теңдігінің екінші белгісі қандай?
- Үшбұрыштың екінші белгісіне қандай элементтер керек?
- Үшбұрыштың теңдігінің үшінші белгісі қандай?
- Үшбұрыштың үшінші белгісіне қандай элементтер керек?

Сабақтың ортасы

Бүгінгі сабақта оқушылар үшбұрыштың теңдігінің белгілерін әрі қарай жалғастырады, есеп шығарады.
Есеп шығару үшін алдымен топқа бөлінеміз. Екі топқа
өз еркілерімен бөлінеді.
1 тапсырма.
1 топ оқушыларына Оқулықтың 49 бетіндегі 8.12 есеп
2 топ оқушыларына Оқулықтың 49 бетіндегі 8.13 есеп.
Топтар әрқайсысы өз тапсырмаларын орындап болған соң, қарсы топ «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды.

2 тапсырма. Теореманы табыңыз. (Топпен жұмыс)
1 топ тапсырмасы.
Егер бір үшбұрыштың ......... қабырғасы мен оған ........ жатқан екі ......... екінші үшбұрыштың сәйкесінше қабырғасы мен оған .......... жатқан бұрыштарына тең болса, онда бұл ....... тең болады.

2 топ тапсырмасы.
Егер бір үшбұрыштың .......... қабырғасы және олардың ......... бұрыш екінші үшбұрыштың сәйкесінше ..... қабырғасы және олардың ......... бұрышқа тең болса, онда бұл .......... тең болады.
Теормадағы сөздерді дұрыс тапқан соң, келесі сұрақтарға жауап береді.
- бұл сөйлемдерде қандай сөздер қалып қойған?
- бұл қай теоремаға жатады?
- бұл теоремада қандай элементтер қатысады?
- топтан біреуін (екеуін) теореманы жақта айтыңдар.
Смайликтер арқылы бағаланады.

Сергуті сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын әрі қарай дамыту үшін тапсырма беріледі.


3 тапсырма. Жеке жұмыс. (Қалыптастырушы бағалау)
№9.4 52 бет.

Дескрипторлар:
• үшбұрыштың теңдігінің белгісін анықтайды;
• BC=CD екенін анықтайды;
• <В=<D екенін анықтайды;
• АС=АD екенін дәлелдейді;
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жалпы 4 ұпай.

Қорытындылау:
Рефлексия

Үй тапсырмасы
«Себет» әдісі. Сабақ бойынша түсініктерін анықтау. Кері байланыс. Оқушылар тақтада көрсетілген кәрзеңкеге өздерінің тақырып бойынша алған түсініктерін қағазға жазып салады.

№ 9.10 54 бет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
1. Қабілеті жоғары оқушыларды консультант ретінде тағайындауға болады. Олар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады.
2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады. Оқушы өзін-өзі және басқаларды бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады. Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



1 топ тапсырмасы.
Егер бір үшбұрыштың ......... қабырғасы мен оған ........ жатқан екі ......... екінші үшбұрыштың сәйкесінше қабырғасы мен оған .......... жатқан бұрыштарына тең болса, онда бұл ....... тең болады.

2 топ тапсырмасы.
Егер бір үшбұрыштың .......... қабырғасы және олардың ......... бұрыш екінші үшбұрыштың сәйкесінше ..... қабырғасы және олардың ......... бұрышқа тең болса, онда бұл .......... тең болады.

Категория: Поурочное планирование | Добавил: karim_nazymbek
Просмотров: 62 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar