Главная » Файлы » Планирование » Поурочное планирование [ Добавить материал ]

Мен және табиғат. Й дыбысы және әрпі.

Вы сможете скачать через 0 сек.

17.12.2017, 22:57
4 бөлім: Бізді қоршаған әлем. Тақырып: Мен және табиғат. Й дыбысы және әрпі.

1 «А» сынып 2 тоқсан



Мұғалімнің аты-жөні:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар білу керек:
Мәтін мен сөйлемнің айырмашылығын табуға үйренеді, сөздерді тұтас оқу дағдысы қалыптасады, сөздерді көркем әрі сауатты жазуды үйренеді.
Көпшілігі:
Оқушылар буындап оқу немесе тұтас оқу, түсініп оқиды, Й дыбысы кездесетін сөздерді жазады.
Кейбір оқушылар:
Сөздерден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатынын үйренеді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Мәтін неден құралады?
- Й дыбысы қандай дыбыс?
- Й дыбысы сөздің басында кездесетін сөздер айтыңдар?
- Й дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөздер айтыңдар?
- Й дыбысы сөздің соңында келе ме?
Алдыңғы сабақта И дыбысының дауысты дыбыс екені мен ү дыбысы кездесетін сөздердің мағынасын түсіну.
Тілдік мақсат Тай, сайман, үйшік,оймақ, қаймақ.
Жоспар
Белгіленген уақыт Жоспарланған жаттығулар
Басы
5 минут

Ортасы
25 минут

Соңы
5 минут

Рефлексия. Ширату жаттығуы.
Қайырлы таң көздерің,ояндыңдарма?
Қайырлы таң қолдарың,ояндыңдарма?
Қайырлы таң аяқтарым,ояндыңдарма?
Қайырлы таң достарым,ояндыңдарма?
Қайырлы таң күн мен ояндым.
Топқа бөлу.
«Сары жұлдыз» «Қызыл жұлдыз» топтары.
Балалар бідің көңіліміз кандай?Жақсы.
Ал біздің күннің көзіміз көңілсіз,бұлт басып тұр.

Ит,ши,тиін,киім,шие,сирек,сирек,ти,иек,
Міне енді күннің көзі көңілденді.Жарайысыңдар балалар.
Бүгін бізде ерекше ертегі сабақ.
Балалар, айтыңдаршы қандай мереке алдымызда?Жаңа жыл мерекесі келе жатыр.
Біздің сабағымызға Аяз ата өз тапсырмаларымен келді.Сабақ соңында сыйлығын береді.Айтыңдаршы, оның қолында не көріп тұрсыңдар.
Дұрыс ит.
Иттің үйін қалай атаймыз.
ү й ш і к

Мына сөздің нешінші әрпі таныс емес?
Дұрыс бүгін Й әрпін өтеміз.
Электронды оқулықты пайдалана отырып, И дыбысы мен әрпімен танысу.«Й» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Й» дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйрету.
Ауада жазу.
Дәптермен жұмыс.
Тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма.
Йогурт сөзіне дыбыстық талдау жасау.
- «Йогурт» сөзінде барлығы неше дыбыс бар?
- Неше дауысты дыбыс бар?
- Неше дауысссыз дыбыс бар?
Ата,тай,сайман,май,қаймақ,айран,шай,қаймақ.
Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма.
Өлеңде берілген сұрақтардың жауабын дереккөздерден алуға мүмкіндік жасау. Өлеңдегі қай сұрақтарға жауап беретіндерін анықтау.
Жауап бере алмайтын сұрақтары бойынша дереккөздермен жұмыс ұйымдастыру.
«Кітаппен дос бол. Кез келген сұрағыңа жауапты кітаптан таба аласың» деген қорытынды пікірге талдау жасату.
3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Сөздер буындап, тұтастай оқытылып, сөздегі дыбыстың өзгеруіне және буынның қосылуына байланысты жаңа сөз пайда болатындығына назар аудартылады:
Ата ай ой май сай
Атай сай қой шай сайман, т.б.
4-тапсырма.
Кестедегі сөздерден адамның аттарын құрастыру жұмысын ұйымдастыру.
Дыбыстарды ажыратқызып, буын санын анықтату.
Оқушылар «Ай» сөзіне түрлі қосымшаларды жалғау арқылы адам есімдерін шығарады: Айдос, Айдар, Айжан, Айнұр, т.б. қ


5- тапсырма
Й және и суреттерді ажырату.
Категория: Поурочное планирование
Просмотров: 40 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar