Главная » Файлы » Предметы » Внеклассное [ Добавить материал ]


Бірлік,достық, бақыт

Вы сможете скачать через 0 сек.

26.01.2018, 19:34
Тақырыбы: Бірлік,достық, бақыт
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,Өз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;
Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі:интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар, түймедағы гүлінің суреті, бес саусақ суреті
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап.
Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін біз бірлік, достық,бақыт тақырыбында сынып сағаты өткелі тұр. Ондағы мақсатымыз балалар, бір отбасы деп екінші үйіміз мектепте жүргенде достықтың, ал достыққа жету үшін бірлікте, ауызбіршілікте болудың маңызы өте зор.
Солай ма балалар?
Сондықтан бүгінгі сынып сағатын бастауға дайынбыз ба?
Психологиялық дайындық (хормен)
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрып болсақ шеңберге
Алақанды ұрайық.
Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ.Негізгі бөлім
Мұғалім:Олай болса сынып сағатын ашық деп жариялаймын. Балалар бүгінгі сынып сағатын шеңбер арқылы бастау себебіміз, алақынымыз арқылы , бір-біріміздің жүрегімізге жылулық, мейірімділік таратамыз. Солай ма?
-Кәне балалар шеңберіміз қандай әріпке ұқсады. О әріпке. Ондай болса осы әріптен басталатын немесе ортасында О әрпі бар сөздерді айтайықшы. (ОТАН, ДОС, ДОСТЫҚ, ОҚУ)
-Жақсы балалар осы сөздердің барлығы достық тақырыбына сәйкес келе ме?
Енді орындарымызға барайық.
-Біз бүгін сыныптағы сендердің ауызбіршіліктерін, достықтарын қалай қалыптасты екенін соны білгіміз келеді.
-Енді балалалар менің алдымда 7 жүрекшелер тұр. Барлығының түстері әр-түрлі. Біз барлық жақсы. Жаман нәрсенің адал мен әділетсіздіктің барлығын жүрек арұылы қабылдап, сол жүректің қабылдауы арқылы шешімімізді айтамыз. Сондықтан жүрекшелерді таңдайық.
(Оқушылар жүрекшелерді таңдап алады)
-Кәне балалар, алған жүректерімізді келген қонақтарға және бір-бірімізге көрсетіп қояйықшы. Осы жүрекшелер арқылы біз алдымызда тұрған досымыздың мінез құлқын анықтап алайық.
Қызыл-бұл таңдаған түсің, энергияның түсі. Яғни ол деген сөз-сенің бойында күш қуат өте көп. Білуге, ізденуге өте құштар екеніңді білдіреді.
Сары- көңілді түс. Ашық түс ол жан жағындағы адамдарға үнемі шуақ шашып, бізді күн сияқты мейіріміне бөлеп жүретін адамның таңдайтын түсі.
Күлгін-шығармашылықтың, белсенділіктің түсі. Яғни ізденуге дайын тұратын оқушы.
Жасыл- өзіне өте сенімді адам екен. Ол кез келген істі тиянақтап, соңына дейін атқаратын адам екен.
Көгілдір—тыныштықты ұнатады. Ол үнемі кез келген іс-әрекет жасағанда бір-біріне үйлесілімділігін бақылап, соған қарай іс-әрекет жасап отырады екен.
Ақ- мақсатты алдыңа қоя білетін, және сол мақсатқа әрдайым жетем деген ойда жүреді екен.

-Ал балалар достарымыз туралы айтылған мінездеріміз ұқсайды ма?
Таңдаған жүректерінді алдарыңа қойып қойыңдар. Себебі алдағы жұмыста қажет болады.
Мұғалім: Енді балалар тақтаға көз жүгіртейік. Тақтада түймедақ гүлі тұр. Түймедағы гүліне аздаған нәрселер жетпе тұрған секілді. Сол азғантай нәрсені толықтыру үшін, сіздердің қолдарыңызға ақ қағаздан қиынған гүлдің күлтешегін бердім. Сіздер бүгінгі тақырыпқа байланысты достық, дос дегенді қалай түсінесің, соны осы күлтешеге жазыңыздар. Болған соң тақтадағы түймедағы гүлін безендірейік.
Оқушылар жазып жеке айтып жабыстырады.
Мұғалім: Достық дегенді қалай түсінесіңдер?Онда дос дегеніміз-.......сырласым, Сыр бөлісетін адам , Сенімді адам.,егізім, жанұям
Дұрыс әрине жанұя дос болады, себебі сәби шыр етіп дүние есігін ашқынан бастап, ең алғашқы досы ол Анасы. Сосын әкесі, бауырлары, сосын сыныптағы достары, жануарларменде дос болады,кітапта досың болады.
Мұғалім:-Өте тамаша. Кәне гүліміз әдеміленді ме? (әрине)
Мұғалім: Енді балалар,мен сіздерге әріптер таратамын.Кәне енді сол әріптерді көрсетейік. Қандай сөз шықты? ДОСТЫҚ
Осы әріптерден басталатын мақал мәтелдер ауымыз керек. Кем дегенде 2 мақал мәтел.
Д-дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады. Дос егіз, дұшпан сегіз
О-Отан оттанда ыстық. Отан от басынан басталады
С- Сөз анасы-құлақ, су анасы-бұлақ. Семіздікті қой көтереді
Т-Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.Талапсыз-өмір бос.
Ы-ынтымақ түбі игілік.Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді.
Қ-құс қанатымен, ер жолдасымен. Қой байлық, жылқы сәндік.
Мұғалім: Жақсы бұл тапсырманы да ойдағыдай орындадық.
Балалар адам тек достарымен ғана бақытты емес. Оған бауырлары керек, үлкен мұғалімдері керек, ағайындары және қоршаған ортаның барлығы керек. Сол үшін солардың барлығымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін, адамның бойына адамгершілік керек. Адамгершілік құнды қасиеттер туралы біз сабақтардан өтіп жүрміз. Сондықтан олар туралы көп білеміз.Келесі тапсырма АДАМГЕРШІЛІК сөзінен сөз тересіздер. Қазақ тілі қаншалықты құнды сөздерге бай екенін білеміз.енді бастайық.
Мұғалім: Балалр алақынымызды көтерейікші. Бізге шуағын төгіп тұрған аспанда не бар?(КҮН) Осы алақынмыздағы саусақтар арқылы күннен қуат аламыз. Сол қуатымызды бір-бірімізге қолымыздан ұстау арқылы таратамыз. Енді сіздер осы жерде қаншалықты бір-бірін танитындарыңызды білу үшін қазір мен ақ қағаз тарамын. Сіздер парақшаға алақандарыңыздың суретін саласыздар.Тақтаға назар аударайық. Бірінші саусаққа:
1)дос
2) Пән
3) Қызығушылық
4)түс
5)мінез
Мұғалім: Енді Әлімжан мен Әлішер бас саусақтарына өз достарының аттарын жазады. Сұқ саусағына ұнататын пәнін, ортаңғы саусаққа қандай нәрсеге қызығушылығы басым екенің жазат.ал аты жоқ саусаққа өздерінің ұнататын түстерін жазат.ал шынашаққа өздерінің мінездерің жазады.
Ал Әмір мен Алан Әлімжан туралы және Нұрлан, Ерлан, ерболат –Әлішер туралы жазады. Біз бір-бірімізді қаншалықты білетіңімізді көрейік.
(оқиды)
Мұғалім: Ал Әлімжанның достары кім екен?(Алан мен әмір оқиды)
Енді Әлімжан сенің досың кім? (Әлімжан барлығын оқып береді)
Енді Әлішер туралы білейік.
(оқиды)
Мұғалім: Ал балалар біз Әлімжан мен Әлішерді дос ретінде таба алдық па?
(арине таба алдық)
Мұғалім: Тамаша.Біздер бір-бірімізді жақсы біледі екенбіз. Сонымен Дос қандай болу керек? /Топтастыру/
/Оқушыларды тыңдау/

ІІІ.Қорытынды.
Мұғалім: ал балалар бағанағы жүрекшелерімізге екі жұлдыз, бір тілек жазайық

Мұғалім сөзі:
Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
100сом ақшаң болғанша 100досың болсын дегенді ұмытпайық!
Сонымен бүгінгі сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Достар туралы, достық туралы біраз нәрсе білдік деп ойлаймын. Рахмет.



Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.

Өмірдің ең тәтті қызығы — адал достарыңның көп болуы.

ТАҚЫРЫП:

ДОСТЫҚ,

АДАМГЕРШІЛІК

БАҚЫТ!
Категория: Внеклассное | Добавил: zmkas1984
Просмотров: 30 | Загрузок: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar