Главная » Файлы » Предметы » Внеклассное


Мүсін өнері мен таныстыру
20.01.2016, 20:30

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері мен таныстыру
Сабақтың мақсаты: оқушыларға мүсін өнерімен таныстыру
Білімділік: Рельефті мүсін өнерінің түрлеріне толықтырулар жасау. Ойын әдістері арқылы мүсін өнеріне деген білімділік құштарлықтарын ояту.
Тәрбиелік: Мүсін өнері арқылы оқушыларға эстетикалық-этикалық тәрбие беру. Тазалықпен тиянақтылыққа тәрбиелеу. Отансүйгіштік қасиеттер арқылы болашақ патриот азаматтарды тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ақыл-ойын дамыту.Шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, қиялын одан әрі кеңейту. Тыңдау, түсіну, оны іске асыру дағдыларын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:Жапырақ формасындағы постоновка, түрлі мүсіндер, салыстырмалы кесте.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеруЖурналға белгі соғу,құрал-жабдықтарын тексеріп алып, жұмыс орындарына отыруын ұйымдастыру.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Жаңа сабақ:
Балалар, бүгін біз жаңа сабақ – мүсін өнерінің түрі – Рельефті мүсін өнерімен танысамыз.
Рельеф дегеніміз – тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтық бетіндегі мүсіндік бейне. Ал жалпы рельеф 2 бөлінеді: Олар, жартылай сомдалған нәрсе жазықтық бетінен сәл шықса барельеф, ал жазықтық бөтінде жартысынан көбі дөңестеу шығып тұрса ол горельеф.
Осы кезде түрлі горельеф пен барельеф мүсіндерін көрсету. Сонымен бірге жапырақ формасындағы постоновканы қай рельефтің түріне жататынын анықтау.
Жұмыс барысынды балаларға қажетті құрал-жабдықтар:
-ермексаз,
-тақтайша(10-20см)
-жылы су
-қажетті формаға келтіретін қалақшалар
Машықтық жұмыста балалар «Жапырақ» мүсінін жасайды.
Кезеңдері:
1.Ермексазды илеп, жұмсарту
2.Оны еппен тақтайшаға біркелкі етіп жаю(қалыңдығы 2-3см)
3.оған суретін түсіру
4.Сурет бойынша оны қалақшамен ою.(Қалың алынатын жерінен бастап,жұқасына дейін)
Жаңа сабақты бекіту үшін, алдын-ала дайындалған сұрақ жасырылған карточкалар таратам.Оның аты «Таратпа»
Таратпа сұрақтары
№1.Мүсін сөзінің анықтамасын айтып, мысалмен түсіндір
№2.Рельефті мүсін нешеге бөлінеді?
№3.Рельефті мүсін өнері деген не?
№4.Жасаған мүсініміз рельефің қай түріне жатады?
№5.Барельеф дегеніміз не?
№6.Горельеф дегенеміз не?
Ойынның мақсаты:1.сабаққа араласпаған оқушыларға ықпал етіп,қызығушылығын ояту.2.жаңа сабақты бекіту.
Бағалау мен Үйге тапсырма
5 балл Барлық мүсіндік талаптарды сақтап жасаған.
4 балл Ермексазды жақсы қолданғанмен, құрылысында қателіктер кеткен.
3 балл Ынталы,бірақ кем-кетіктер жетерлік
Мен бағаны баллдық жүйемен қоюды жөн көрдім. Оқушылармен ақылдасып, балдарын өздеріне қоюларына ықпал жасадым
Үйге тапсырма: 1.Гүлдің барельефті мүсінін ою,2.Рельеф туралы оқу
Бейнелеу өнері 5 сынып оқулығы, тақырыбы: Мүсін өнері 96 бет

Категория: Внеклассное | Добавил: Серик | Теги: Мүсін өнері мен таныстыру
Просмотров: 1286 | Загрузок: 662 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 1
avatar
1
Серік әріптес! Жоспарыныз жүйелі жазылған" Тәжірибе бөліскеніңізге рахмет!
avatar