Главная » Файлы » Предметы » Физика

Ғалымдар аты өлмейді


27.11.2018, 16:03

«Ғалымдар аты өлмейді» атты кеші

І-жүргізуші: Армысыздар, ағайын,
Ағайын тілін табайын
ІІ-жүргізуші: Бармысыздар, бауырлар
Өкпе емес бізде бауыр бар
І- жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс жазы.
ІІ-жүргізуші: Көренмендер аманба?
Отырған анау ойланып.
Екеуі бірігіп; Бәріңізге бір сәлем.
І-жүргізуші: Онда кешті бастайық.
ІІ-жүргізуші: Екеуміз асып саспайық
І-жүргізуші: Сөз кезегін келесі
ІІ-жүргізуші: Жұмбақтарға тастайық
І-жүргізуші: Кеште өздеріне арналған ғалымдар шықсын қасқайып.

ІІ-жүргізуші: 1. Итальян ғалымы,
Инерцияны ашыпты
Оны білген балалар
Залдан жүруден қашыпты
Кім олды екен бұл ғалым? Г.Галелей.
І-жүргізуші: Құрағанын бөлшектеп,
Заттарды ерте ұққанды.
Болжамын тәжірибе арқылы
Тек дәлелдеп шықпады.
Қай ғалым еді балалар,
Кім бар ойлап таба алар? (Архимед)

ІІ-жүргізуші: Формуласы күрделі
Есептен жылу мөлшерін
Ойлап тапқан ғалымға
Берген өлшем бірлігін. Д.Джоуль
І-жүргізуші: Тоқ күшінің өлшемі
Ағып өткен мөлшері
Физикалық шаманың
Ғалым атына теңеді. (Герог Ом.)

Жүргізушілер: Сонымен кешіміздің тақырыбы

Бірігіп«Ғалымдар аты өлмейді»
І-жүргізуші: Кешіміздің бағдарламасында:

І-тур. Мақал – мәтелдердің нақты физикалық мағынасын ашу.
ІІ-тур.Ақындар шықсын айтысқа...
Механика мен электр айтысын тамашалайсыздар.
ІІІ-тур. Викториналық сұрақтар.

І-тур.Мақал – мәтелдердің нақты физикалық мағынасын ашу.

І-жүргізуші: Түйені жел қозғаса,
Ешкіні аспанан ізде. (қозғалыс, тербеліс)

ІІ-жүргізуші: Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. (күш)

І-жүргізуші: Ай мен күн ауыысты
Тәулікті тауысты. (Жердің өз өсімен айналуы)

ІІ-жүргізуші: Ай жарығы әлемге
Күн жарығы төменге (жарық сәулесі.)
І-жүргізуші: От жанды жылытады
Жылы сөз тәнді жылытады. (Энергия)

ІІ-жүргізуші: Мақал – мәтелдер сайысының жеңімпазын ортаға шақырамыз.
Сізге деген сыйлығымыз әзіралдыңа келер кәзір. Музыкалық үзіліс.
Халық әні «Маусымжан»
І-тур.Ақындар шықсын айтысқа...
Айтысып тер төкпесе,қазақ, қазақ болама.
Механика мен Электр мырзаларын ортаға шақырамыз.
Механика: Ассалаумағалейкум, электрім,
Немене болып кеткен сенің түрің
Төленбей дер кезінде еңбек ақың,
Бейшара халге түсті – ау, әрбір күнің.

Электр: Механикам аман ба?
Тап болған мына заманға,
Өзіңе ешкім көз салмай,
Көңілің сенің алаң ба?

Механика: Неменеге алаңдайын бала батыр
Өзендер арасында ағып жатыр.
Қадірімді сен менің білмей кетсең,
Сөзсіз – ау болатыны заман ақыр.

Электр: Қорқытпағын сен мені,
Заман ақыр сөзімен.
Энергия халық алуда,
Электрдің көзінен.

Механика: Ол жағын дұрыс айттың бала батыр,
Электрмен жарықтанып дала жатыр.
Кей кезде ашуланып долданумен,
Шығарасың тіпті от сатыр – сатыр.

Электр: Физикада басқалар,
Өзіңменен теңбеді?
Салыстырып өзгемен
Мойындағын сен мені.
Мақсатымыз емес ғой,
Механикамен электрдің
Бірін – бірін женгені.
Осымен доғарайық!
І-жүргізуші:
Кәне қазылар алқасы ақындардың бағасын беріңіз.
ІІІ-тур. Викториналық сұрақтар.

Келесі кезекті векториналық сұрақтарға берейік.

1. Дүниедегі ең жүйрік не? (ой – қиял)

2. Көзіңмен көресің,бірақ ұстай алмайсың? (көлеңке)
3.Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады. (Аспалы сағат)

Категория: Физика | Добавил: taganova90
Просмотров: 9 | Загрузок: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar