Главная » Файлы » Планирование » Среднесрочное планирование

Областной конкурс "Бала тілі - бал"


23.10.2018, 14:54

БЕКІТЕМІН:
«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы»МКҚК
меңгерушісі ___________ З.Б. Ғалымова
« » ________________ 2018 ж.

«Бала тілі - бал»
облыстық байқауы



Петропавл қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы дамыту жөніндегі басқармасы Петропавл қаласының білім бөлімімен бірлесе Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында «Бала тілі - бал» балабақшалар арасында облыстық байқауы өткізіледі.

1. «Атыңнан айналайын» - үш тілде таныстыру
Залға музыка әуенімен балалар кіріп, амандасады.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! (хормен амандасады).
Команданың аты: «Балапан» (бірге)
Ұранымыз: Бір, екі, үш
Достықта біздің күш
Достармен бірге жүреміз
Бірге ойнап күлеміз
Бірге балық аулаймыз
Міне, біздер қандаймыз!

Вероника: Таныстырсам өзімді
Тегім Заичко атым Вероника
Бұл сайыста қазылар
Бағалар менің өнерімді.

Асанәлі: Меня зовут Асанали,
Как солнышко сияю,
Своей улыбкой детвору я быстро заражаю.


Жанель: My name is Ganel. I go to kindergarten «Нұрсәт».
We live here cheerfully. We dance and sing a song.

София: Люблю я книжки с детсва,
Читаю очень быстро
Не зря София- мудрость
Так в истории говорится.

Амир: Ұлымын мен әкемнің,
Жолчиев тегім, Әмір атым.
Сәлем беріп иіліп алдарына,
Амандасу қазақи салтым менің.

Малика: Good morning, good morning to you.
Good morning, good morning I am glad to see you.
My name is Malika.
I am a gay girl and sing beautifully and loudly!

2. «Өнерліге өріс кең»
«Дос іздеген балапан» атты қазақ халық ертегісінен сахналық көрініс.
Қатысушы тұлғалар:
Автор – Молдыбаева Мая Ақбергенқызы
Қасқыр – Ілиясова Әсел Оразқызы
Тауық, бақа – Мергенова Малика
Балапан – Аубакирова Жанель
Мысық – Заичко Вероника
Ит – Жолчиев Амир
Қанқыз – Джамбулатова София

«Дос іздеген балапан» ертегісі.

Автор: Ерте, ерте, ертеде бір тауық болыпты. Ол өзінің сүйкімді балапанына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Сүйкімді балапан өте ақылды болып өседі. Бір күні анасы:
Тауық: Балапаным, тұңғышым, жарығым, мен саған достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын әрі қызық емес.
Балапан: Дос? Жарайды.
(тауық қол былғап кете береді).
Автор: Сөйтіп, балапан өзіне ұқсайтын дос іздеп шығады.
(балапанға ит пен мысық кездеседі).
Балапан: Сәлем, ит, сәлем, мысық!
Мысық: Сәлем, балапан. Сен не істеп жүрсің?
Балапан: Мен дос іздеп жүрмін.
Ит: Балапан, кел би билеп, дос болайық.
Балапан: Жоқ, сендер сияқты дос керек емес.
Мысық: Мүмкін, әтеш болар.
(ит пен мысық шығып кетеді. Ортаға әтеш шығады).
Балапан: Шық-шық-шық. Мен дос іздеп жүрмін.
Әтеш: Ку-ка-ре-ку! Кел, екеуіміз дос болайық.
Балапан: Жоқ, сен сияқты дос керек емес.
Әтеш: Мүмкін, бақа болар.
(әтеш шығып кетеді).
Автор: Деп, әтеш балапанды орман жаққа шығарып салады. Кенеттен жаңбыр басталып, балапан қорыққанынан бір ағаштың түбіне тығылып қалады.
«Жаңбыр» биі.
(ортаға бақа шығады).
Бақа: Бақ-бақ-бақ! Сен орманда не іздеп жүрсің?
Балапан: (дірілдеген дауыспен) Мен, мен дос іздеп жүрмін.
Бақа: Бақ-бақ-бақ! Кел, екеуіміз дос болайық.
Балапан: Жоқ, мен өзіме ұқсайтын дос іздеп жүрмін.
Бақа: онда (ойланып) мүмкін, қасқыр болар.
(бақа шығып кетеді. Ортаға қасқыр шығады).
Қасқыр: Сен, кімсің?
Балапан: Шық-шық-шық! Мен балапанмын.
Қасқыр: Ал, орманда не істеп жүрсің?
Балапан: Шық-шық-шық! Дос іздеп жүрмін.
Қасқыр: Кел, екеуіміз дос болайық.
Балапан: Жоқ, сен сияқты дос емес, өзіме ұқсайтын дос іздеп жүрмін.
Қасқыр: Ммм, онда мүмкін қанқыз болар.
(қасқыр шығып кетеді. Ортаға қанқыз шығады).
Балапан: Сәлем, қанқыз! Мен дос іздеп жүрмін.
Қанқыз: Кел, ендеше дос болайық.
Балапан: Жоқ, сен маған ұқсамайсың (көңілсіз). Маған үйіме жол көрсетші.
Қанқыз: Жарайды, олай болса, жол көрсетейін.
(үйдің жанында тауық отырады).
Автор: Сөйтіп, басы салбырап көңілсіз балапан өз анасына келеді.
Тауық: Дос таптың ба, жарығым?
Балапан: Жоқ, анашым, тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
Тауық: (жымиып) өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, балапаным. Досты жан тазалығымен таңдау керек.
Автор: Балапан қуанып, адал достары: ит пен мысықты, әтешті, бақаны, қасқырды және қанқызды ертіп келеді. Сөйтіп, олармен дос болады. «Жаманмен жолдас болсаңыз, көрінгенге күлкі етер, жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» - демекші, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін болайық.
(«Мы такие разные» әнін орындауға барлығы ортаға шығады).

Категория: Среднесрочное планирование | Добавил: Asel2018
Просмотров: 24 | Загрузок: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar