Главная » Файлы » Планирование » Среднесрочное планирование

"1саны мен сан белгісі"


15.10.2018, 22:15

2 кіші «Қарлығаш »тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:20.09.2018
Тәрбиеші:Купеева С.Б.
Білім беру саласы:Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Сүйікті балабақшам»
Тақырыбы: 1 саны мен сан белгісі
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Төзімділікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық : Тең, тең емес екенін анықтап, 1 сан белгісімен таныстыру.
3.Оқыту: 1 және 1, 1 және 2 затты топтап салыстырып үйрету. Карточка арқылы солдан оңға қарай санауды көрсету. Өзінің оң-сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру.
Педагогикалық технологиялар : Сұрақ-жауап,түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: кірпі ойыншығы,игровизор,1сан белгісі,таяқшалар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалардан жылдың қай мезгілі екенің сұрап, күз мезгілі жайлы сұрақтар қою:
Күзде ауа райы қандай болады?
Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
балалардың жауабы.
Жұмбақ жасыру:
Жатып-жатып инелер,
Жүгіріп жаныңа тез келер.(кірпі)
.
2. Негізі бөлімі: Таңғажайып сәт: топқа кірпі кіреді.
Топқа кірген кірпіні тамашалайды.
Балалар кірпі бос келген жоқ, тікенектерінде бірдеме бар екен
Топқа кірген кірпіні тамашалайды.
Балалар маған қараңдаршы.
Адамда неше мұрын бар? Ал ауыз ше? Бас нешеу? Аспанда неше ай, неше күннін көзі?
Балалар тәрбиешіге назар аударып дене мүшелері нешеу екенін айтып береді.
Балалар мынау не?- 1 саны
Кірпі бізге 1 санның таңбасын әкеліпті.
1 санның таңбасын естеріңде сақтаңдар.
Балалар 1 саны неге ұқсайды?
1 сан бағанға, таяқшаға ұқсайды.
1 санын ауада жазып көруге ұсынамын.
1 санды ауада жазады.

1-тапсырма: Таяқшалардан 1-санын құрастыру.
Есеп таяқшалардан 1 саның құрастырады.
2-тапсырма: Карточкамен жұмыс:
Солдан оңға қарай кірпімен алмаларды қою. Жоғарғы сызықта неше кірпі, төмеңгіде неше алма бар. Айырмашылығын тап? Тапсырманы мұқият тыңдап карточкаға алма мен кірпіні қояды.
Сергіту сәті: Музыка арқылы бойларын жазады.
3-тапсырма: «Не өзгерді?» - жоқ геометриялық пішінді тауып, сипаттап беру.
Балалар зейіндерін салып, тақтаға мұқият қарап қандай пішін жоқ екенін айтып береді.
4-тапсырма: Игровизор арқылы 1 саның бекіту.
1 саны бар заттарға сызықты апарады. 3. Қорытынды: Кірпі балаларды мадақтап үйіне қайту керек екенін айтады.
Балаларға кірпіге сыйлық беруге ұсыну. Кірпіге алма мен саңырауқұлақтарды сыйға тартады.

Категория: Среднесрочное планирование | Добавил: Zylia1982
Просмотров: 29 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar