Главная » Файлы » Планирование » Среднесрочное планирование

"Менің отбасым"


15.10.2018, 22:10

2 кіші «Қарлығаш »тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:05.09.2018.
Тәрбиеші:Бакимова З.Қ.
Білім беру саласы:Қатынас
Пән:Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Мен және менің отбасым»
Тақырыбы:Менің отбасым
Мақсаттары:Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті,дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту.Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану.
1.Тәрбиелік:Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық :Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
3.Оқыту:Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар :Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту.

Ресурстармен қамтамасыз ету:Отбасы суреттері
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:-Балалар,таңертең топ ішіне кірсем,мен дайындаған суретті біреу қиып тастапты міне, қараңдаршы , мұнда кесілген қағаздар жатыр.
-Қалай ойлайсыңдар,осылай істеуге болама? Маған көмектесесіңдерме?
Бүтінделген суретті тақтаға ілу.
-Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге мынадай сурет әкелдім. Бұл суретті қалай атасақ екен.
-Отбасы
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ:
Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.

2. Негізі бөлімі:Отбасы туралы әңгімелеу.
Ойын-жұмбақ: «Кім ол?»
Балаларға отбасы мүшелерін жұмбақ арқылы жасыру .
Кітапты көп оқитын,
Жырларды жақсы білетін.
Немересін еркелетіп,
Жанында әрқашан жүретін кісіні кім дейміз? (ата)
Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім? ( әке)
Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды.
Ол кім? ( Әже)
Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. ( Ана)
Балалар өздері білетін отбасы мүшелері туралы тақпақтарын айтып береді.
Сергіту сәті
Бас бармағым-атам-үйдің данасы,
Балалы үйрек-әжем-ошақ анасы,
Ортан терек-әкем-отау панасы,
Шылдыршүмек-анам-шаңырақ ажары,
Титтей бөбек-мен-бәрінің базары
Дидактикалық ойын: «Менің отбасым»
Балалар үйлерінен әкелген фотосуреттерін көрсетіп, өз жанұя мүшелерімен таныстырады.
- Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға – әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп айтып көрейікші.
Ойын: " Кім жоқ?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.
3. Қорытынды:Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер.Мадақтау.

Категория: Среднесрочное планирование | Добавил: Zylia1982
Просмотров: 23 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar