Главная » Файлы » Планирование » Среднесрочное планирование

"Ойын арқылы балаларды тәрбиелеу"


15.10.2018, 22:01

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Әлемдік білім кеңестігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім беру жаңаша жетілетін әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда.
Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, ой өрісін дамытып, еңбекке баулу – балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттер.
Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл – ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан – жақты қалыптасады. Ойын дегеніміз – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі [4]. Ойынның түрлері өте көп. «Ойын» сөзі мағынасының түп – төркіні қуаныш, әзілге сәйкес келеді. Мысалы, Ежелгі Рим халықтарында «ойын» сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып жатыр, еврей тілінде әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде жас баланың іс – әрекетін, ересектер арасындағы әзілді, қалжыңды меңзейді.
Оқу ісі - әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді.
Ұлттық ойындар
• Сюжетті рольді ойындар
• Педагогикалық ойындар
• Дидактикалық ойын
• Шығармашылық ойын
• Қимылды ойындар
Педагогикалық ойын технологиясы дегеніміз - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Дидактикалық ойындар арқылы оқу іс - әрекеті барысында балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу іс - әрекеті ойын түрінде өткізіледі.
Оқу іс - әрекеті барысында ойын түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Тәрбиеші ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.
Ойындарда күтілетін нәтижелер:
1. Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді.
2. Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
4. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
6. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан - жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты нығайтуға негізделген.
Қорыта келе айтқанда:
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен
ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.
Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады. Оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі
негізгі құрал болып есептеледі

Категория: Среднесрочное планирование | Добавил: Zylia1982
Просмотров: 30 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar