Главная » Файлы » Предметы » Физкультура

"Біз бүгін қыз емеспіз"


23.10.2018, 09:33

Спорттық мерекелік іс-шара «Біз бүгін қыз емеспіз, ұл емеспіз
біз кішкентай көжекпіз».

Мерекенің мақсаты:
-Кедергілердің астынан еңбектеп өту үйрету
-Бір орында секіріп кедергіге қолын тигізу.
-Бір орында тұрып, гимнастикалық таяқшадан секіру
-Дене қимылын жетілдіру,дене тұлғасын тік ұстау.
-Қимыл қозғалысын жетілдіру
-Күш қуат, шапшандылық қасиет дағдысын жетілдіру.

Қолданылптын құрал жабдықтар:ойыншықтар,ит,қоян,сылдырлауық ойыншықтар (бала саны бойынша), бау гимнастикалық ойындық, 6 шашке, жіп және сылдырмақ, сәбіздер орамжапырақ.

Негізгі бөлім:
Сәлеметсіздерме балалар бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер !
Бүгін біз сіздермен бірге саяхатқа аттанамыз, саяхат әлеміне аттануға дайынсындарма?
-ИЯ
Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші қоянды көрсетеді.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келгенің қарандаршы.
Балалар: Қоян
Бүгін сендермен қоян достасқысы келеді. Көздерінді жұмып, жұмбақ әлеміне барайық қоянменен ойнайық.

Біз бүгін қыз емеспіз,ұл емеспіз.
Бүгін біз кішкентай көжекпіз.
Ал, қазір қояндар
Бір қатарға тұрамыз
Баққа барамыз
Қояндардын алдынан қасқыр шығады,балалар қорқып тізерлеп отыра қалады.
Қасқыр естіп қалмасын, ақырын аяқтын ұшымен жүрейік.
Спорттық адыммен жүрейік,
Бәріміз шөпке жатамыз
1)«Созыламыз»
Б.қ. жерге жатамыз
Бір дегенде қолымызды көтереміз
Екі дегенде қолымызды алақанымыздың ұшына тигіземіз
Бастапқы қалыпқа келу.
2) «Бір отырып ,бір тұрамыз»
1.Бірігіп отырамыз, ойыншықтарды тықылдатамыз
2.Бастапқы қалыпқа келеміз.

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып,ытқып жүгірді.

«Секіру»
Б.қ. – аяқ бірге,қол белде,
екі аяқпен қос аяқтап секіреміз.

Қояндар тұрады,
Жан-жағына қарайды
Бір тұрып , бір секіреді
оңға иілді,солға иілді

-енді жалғыз аяқ жолмен өтеміз,
-Бұтақтардың да арасынан еңбектеп өтеміз
-Төмпешіктерден де,көпірден де өтеміз.
-Гимнастикалық орындықтардын үстінен шашкені аттап өтеміз.
-Еңбектеп жүру жолымен жыланша өтеміз.
-шыңыршықтан шыныршыққа секіреміз

Баққа да келіп жеттік,
Қараңдаршы
Бақта не өсіп жатыр?
Қарбыз,сәбіз,қияр т/б
Бобик үйшікте тұрады
Бақты қорғайды
Ол да біздің досымыз!
Бобикпен танысайық,ол да бізбен ойнағысы келеді.
Келіндер, қояндар бірге ойнайықшы.
Бобик :мен сендерді қуамын ал сендер қашындар.
Қорытынды бөлім:
Жерге жатып көзімізді жұмамыз да дем алып, өзіміздің балабақшамызға ораламыз.
Ал балалар көжек болып саяхатқа аттанған қалай екен ? сендерге ұнады ма ?

Солтүстік қазақстан обылысы.
МКҚК Петропавл қаласы
«Нұрсәт» бөбекжай балабақшасы.

«Біз бүгін қыз емеспіз, ұл емеспіз
біз кішкентай көжекпіз».

Дене тәрбиесі мұғалімі: Оспанова С

Категория: Физкультура | Добавил: sandra89
Просмотров: 19 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar