Главная » Файлы » Предметы » Информатика [ Добавить материал ]

Компьютерлік жад және оның түрлері

Вы сможете скачать через 0 сек.

22.09.2017, 11:57

Сабақ тақырыбы: Компьютерлік жад және оның түрлері
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 7.1.1.1-компьютердің жады түрлерінің қызметін (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш – жады) сипаттау;
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
• Тақырып бойынша қиын және жеңіл сұрақтарды тұжырымдай алады;
Оқушылардың басым бөлігі:
• Есте сақтау құрылғысын ажырата алады
Кейбір оқушылар:
• Орындалған жұмысы бойынша бірін-бірі ауызша бағалайды
Бағалау критерийлері  Есте сақтау құрылғысы өзара қызметі бойынша ажыратылады, уақыт бойынша ақпаратты сақтау көлемі бойынша және есте сақтау құрылғысын жіктей алады, «компьютер жады» ұғымын түсіндіре алады.
 Есте сақтау құрылғысын түсіндіре алады, компьютерлік жад жұмысының принципин біледі.
 Есте сақтау құрылғысы өзара қызметі бойынша ажыратылады, уақыт бойынша ақпаратты сақтау көлемі бойынша және есте сақтау көлемі бойынша; компьютерлік жад жұмысының принципин біледі.
Тілдік мақсат Пәндік лексик мен терминология:
 Ішкі жад, сыртқы жад, компьютерлік жад
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы:
 Талқылау:
Есте сақтау құрылғысының жұмыс істеу принциптерін атаңдар
 Жазу:
Компьютерлік жад – Компьютерная память –Computer memory
ОП, Random Access Memory (RAM), ПЗУ, Read Only Memory (ROM), Видеопамять (VRAM)
Құндылықтарға баулу Жауапкершілік және ынтымақтастықты қалыптастыру
Пәнаралық байланыс биология
Алдыңғы оқу Ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыру
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
2 минут



3 минут

3 минут
- Жағымды психологиялық ахуал
«Өзгертулерді тап» оқушыларды жұптарға бөліп қарама-қарсы тұрғызып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алыңды.
- Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5 те болады) енгізіңіз.
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.
- Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол өзгертулерді табыңыздар.
Қызығушылық ояту «Сөздерді тап»
1. Ақпаратты өңдеу құрылғысы: ......................... (процессор)
2. Мәтін және сандық ақпаратты қолмен енгізу үшін әмбебап енгізу құрылғысы ................. (пенетақта)
3. Экранға графика мен мәтіндік ақпаратты шығару құрылғысы ..................... (монитор)
4. Басқаша айтатын болсақ «білім» деп атауға болады ...... (ақпарат)
5. Графикалық және мәтін ақпаратты қағазға шығару ..............(принтер)
6. Саны 320678 жазылған, ол қандай санау жүйесі? .......... (сегіздік)
Бағалау: балдық жүйе
Осы табылған сөздер бүгін біздің тақырыбымызда кездеседі.
«Миға шабуыл» стриатегиясы:
- Жад дегеніміз не? Адамның жады қандай болуы мүмкін?
- Адамның ішкі және сыртқы жады туралы не білесің?

Үлестірмелі материал, қалам

Ортасы

10 минут

2 минут

3 минут

5 минут
Конфеттер арқылы 3 топқа бөлу
«Ойдлан, топтас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты бөліп беру.
1-топ: «компьютерлік жад», «жедел жад»
2-топ: «кэш-жад», «тұрақты жад»
3-топ: «бейне жад», «сыртқы жад» туралы оқып бір-біріне түсіндіреді.
Бағалау: бес шапалақ
Сергіту сәті
«Ауада жазу» жаттығуы: аяқ, қол, бас сиятқы дене мүшелері арқылы сандарды ауада жазу
«Сәйкестендір» ойыны. Оқулықтан 15-беттен 2-кестені толтыру.
Бағалау: балдық жүйе
«Өздік жұмыс»
Оқулықтан 16-беттен 3-кестені толтырады.
Бағалау: фигуралар Конфет
«Информатика» 7сынып, «Атамұра» оқулығы, дәптер, қалам, маркер, қағаз А4 н/е А3

«Информатика» 7сынып, «Атамұра» оқулығы, дәптер, қалам
Аяқталуы
10 минут

2 минут «Компьютер құрылғысы» тақырыбына сөзжұмбақ құру. Көп термин қолданған топ жеңеді.
Бағалау: Бас бармақ
Әрбір оқушы жеке бағаланады.
Кері байланыс «Фразаны аяқта»
1. Мен білдім ........
2. Қызықты болады..............
3. Қиын болды................
4. Мен түсіндім................
5. Енді мен жасай аламын.....................
6. Мен үйрендім.............................
7. Маған өмірде кездеседі................ «Информатика» 7сынып, «Атамұра» оқулығы, дәптер, қалам

Кері-байланыс парағы
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы):
- «Компьютерлік жад және оның түрлері» параграфты оқу және бақылау сұрақтарына жауап беру
Қосымша ақпарат Интернет ресурстары
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Оқулықтағы келесі тақырып бойынша ақпарат жинау басбармақ, фигуралар, бес шапалақ, балдық жүйе, от шашу Информатика сабағында оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіліп, ақпарат өлшем бірліктерін қолдана отырып, мазмұнды сызбаны түсінікті етіп дайындау айтылады. АКТ-мен байланыс.
Бір-бірін топта тыңдау, сыйласытқ таныту. Бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Категория: Информатика | Добавил: Kuralai_n_kz
Просмотров: 145 | Загрузок: 36 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar