Главная » Файлы » Предметы » Информатика


Графика мен диаграмма тұрғызу
22.04.2015, 17:24

№ 19 Сабақ жоспары

Топ 1-5 топ
Сабақтың өткізілетін күні

Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Графика мен диаграмма тұрғызу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Графика мен диаграмма тұрғызу тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелік: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы) (керектісінің астын сызу)
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық) (керектісінің астын сызу)
Сабақты өту әдісі: ақпараттық дамытушылық тәсіл
Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі
Көрнекі құралдар: компьютер
Әдебиеттер: В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»
«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер. 2001 ж. OC Windows 98, 2000, XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии» «Всемирная паутина WWW» Питер. 2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы информатики и вычислительной техники»
10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.
В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.
Сабақтың барысы мен мазмұны
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң баларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Электронды оқулық
3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру
Графика мен диаграмма тұрғызу
Диаграмма – бұл мәліметтердің графикалық түрде ұсынылуы. Диаграмманы парақтарға кірістіруге немесе жеке параққа орналастыруға болады.
Диаграмманы дайындау үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) пайдаланылады. Пайдаланушы диаграмма шеберінің әрбір қадамында диаграмма қалай көрініс табатынын көреді. Кез келген кезеңде кері қайтуға немесе таңдалған әрекеттерді өзгертуге болады. Процестің аяқталуы бойынша экранда диаграмма пайда болады. Оның түрін көптеген батырмалардың және форматтау командаларының көмегімен өзгертуге болады.
Диаграмма шеберін пайдалану:
1. Диаграммаға қажетті мәліметтерді ерекшелеңдар
2. Кірістіру→Диаграмма (Вставка→Диаграмма) менюін таңдайсыңдар немесе Стандарттық тақтадағы Диаграмма шебері батырмасы бойынша шертіңдер.
3. Шебердің бірінші қадамында диаграмма типі мен оның түрін таңдайсыңдар (9.3 сурет). Одан әрі-ні (Далее) шертесіңдер.



9.3 сурет. Диаграмма шебері – 1 қадам
4. Екінші қадамда мәліметтер көзінің ауқымын өзгертуге болады. (9.4сурет)



9.4 сурет. Мәліметтер көзі
5. Мәліметтер жұмысының үшінші қадамында диаграмма параметрлерін баптауға болады. (9.5 сурет)


9.5 сурет. Диаграмма параметрлерін баптау
6. Төртінші соңғы қадамда диаграмманы орналастыру орнын таңдайсыңдар (9.6 сурет) да Дайын-ды (Готово) шертесіңдер (.9.7 сурет)



9.6 сурет. Диаграмманы орналастару



9.7 сурет. Дайын диаграмманың мысалы
Диаграмма параметрлерін өзгерту үшін 9.7 сурет бейнеленген
Диаграммалар (Диаграммы) аспаптар тақтасы пайдаланылады.
4. Жаңа материалды бекіту
Ол үшін студенттерге жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
5. Сабақты қорыту
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру: Қ-1б 68-69бет.

Оқытушы______________ У.Ш.Аликулов

ПЦК төрағасы__________К.К. Убаев

Категория: Информатика
Просмотров: 2819 | Загрузок: 812 | Рейтинг: 5.0/1
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar