Главная » Файлы » Предметы » Информатика


Тұсаукесерлер, программа интерфейсімен танысу
03.05.2016, 08:33

Тақырыбы Программа интерфейсімен танысу, тұсаукесерлер. Мультимедиалық тұсаукесерлердің конструкторы.
Мақсаты Программа интерфейсімен танысу, тұсаукесерлер. Мультимедиялық тұсаукесерлердің конструкторын үйрену
Күтілетін нәтиже А) Программа интерфейсімен танысу, тұсаукесерлер. Мультимедиялық тұсаукесерлердің конструкторын үйрену
В) Программа интерфейсімен танысу, тұсаукесерлер. Мультимедиялық тұсаукесерлердің конструкторын біледі, практикада еркін қолдана алады.
С) Программа интерфейсімен танысу, тұсаукесерлер. Мультимедиялық тұсаукесерлердің конструкторын біледі, практикада еркін қолдана алады және басқа оқушыға түсіндіре алады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар Интернет Google.kz, Электронды оқулық, Оқулық (Информатика 6-сынып. Оқулық. Мұхамбетжанова С. Т., Тен А. С., Атамұра, 2014)
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
10 1.Оқушылармен амандасу.
2. Класта жоқ оқушыларды белгілеу
3.Сергіту сәті, топқа бөлу:
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Қаз-қаз, балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін,
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық,
Қаз-қаз, балам, жүре ғой...
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Дене қимылдарын жасата отырып, өлең жолдарын дауыстап
«Тұсаукесер» жырын шырқатамын.
Салт-дәстүрлер бейнеленген суреттер арқылы топқа бөліп отырғызамын. (Бесікке салу, шашу, қырқынан шығару)
4. Бағалау парақтарын таратып беру.
5.Үй тапсырмасын тексеру
Кубизм әдісі (өткен материалдарды қоса отырып сұрау)

3.Сергіту сәті,топқа бөлу
Барлығы орындарынан тұрып мұғалімнің айтқаны бойынша сергіту сәтін ойнайды.

Бөлінген топ бойынша оқушылар орындарына отырады;

4. Бағалау критерилерін талдайды

5.Үй тапсырмасын айту
Сұрақ-жауап
Тұсаукесер
3 Ой қозғау, проблема қою
Экраннан тұсаукесер дәстүрінің суретін көрсету арқылы қызығушылықтарын ояту.
 Бұл суретте не бейнеленген, қазақтың қай дәстүрі?
 Тұсаукесер дегеніміз не?
 Баланың тұсауын кімге кестірген дұрыс?
 Пайдасы не?
 Тұсаукесер рәсімінің мақсаты не, қалай орындалады?
 Тұсаукесер дәстүрінің информатикаға қандай қатысы бар? Ой қозғау, проблема қою

Сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.
Негізгі бөлім 25 Жаңа тақырыпта меңгерту:
«ЖИГСО» әдісі
Сабақ тақырыбын хабарлай отыра, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқулықтағы мәтінді 5 бөлікке бөліп, оқушыларға тапсырма беру.
Әр оқушы санау арқылы өздерінің тапсырмасын оқып, мазмұнын меңгереді.(3 минут)
1-1-1-1, 2-2-2-2, 3-3-3-3- топтарға бірігеді, оқығандарын топта талқылайды.(2 минут)
Орындарына қайта оралып, әрқайсысы топта сөйлейді.(3минут)
1- Презентация дегеніміз не, мақсаты, нақты ерекшеліктері
2- Программа интерфейсімен танысу
3- Мультимедиалық презентациялардың тиімділігі
Әр топ тапсырма бойынша постер дайындайды.
Топтардың жұмыстары бойынша презентация жасау.
Топтар презентация жасаған сайын қалған топтағылар қол шапалақтау арқылы мадақтап отырады.
Практикалық бөлім:
103-беттегі практикалық тапсырманы компьютерде орындатамын.

Постермен жұмыс
Жасаған жобаларын қорғайды.

Практикалық бөлім:
103-беттегі практикалық тапсырманы компьютерде орындатамын.
Қортынды

7 Кері байланыс
Стикерге сабақ туралы өз ойларын жазады.
Бағалау
Сабақ соңында бағалау критерилері бойынша бағалаймын.
Үйге тапсырма
§4.15-4.16 оқу, мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру. Өз пікірлерін білдіреді.

Күнделікке жазады

Категория: Информатика | Добавил: aikosh_207
Просмотров: 1138 | Загрузок: 632 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar