Главная » Файлы » Главная (раздел закрыт) » Планирование [ Добавить материал ]

Айналадағы қауіп-қатер

Вы сможете скачать через 0 сек.

24.09.2017, 19:43

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ Үмбетқалиева З
Сабақ тақырыбы: Айналадағы қауіп-қатер Мектеп:
Күні : 19.05 Мұғалімнің есімі: Жақайқызы С
СЫНЫП: 1Ә сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар: оқушылар үйде аяқасты болатын қауіпті жағдайлар туралы мәлімет беру;
• Оқушылардың басым бөлігі: қауіпті жағдайда дұрыс әрекет етуді үйрену;
• Кейбір оқушылар: өз қауіпсіздігі үшін жауапты болуға;
қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйренy.
Тірек сөздер: кауіп-қатер – опасность – danger; қауіпсіздік – безопасность – safety;

құтқару қызметі – служба спасения – rescue service.
Ресурстар: Ереже жазылған плакаттар, «Мен білемін» ойынына арналған заттардың суреті.
Сабақтың мақсаты: 1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер

Қауіп-қатер бізге кез-келген уақытта және кез-келген жерде кездесуі мүмкін. Ол көшеде, қалада, орманда, суайдының жағасында, өзен көлдерде және тіпті үйде де кездесуі мүмкін.
Табиағы қауіп –қатер. Табиғаттағы қауіп-қатерге адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғат апаттары жатады. Мысал, дауыл

- Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Осы тақырып бойынша сұрақ қояйықшы бір-бірімізге.
- Қандай қорытындыға келдік?
- Қауіп-қатер тек үйде ғана бола ма?
- Ендеше тағы қандай жерлерде қауіп-қатер орын алады?
Оқушылардың жауабы
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Айналадағы қауіп-қатер » , яғни, қоршаған ортадағы қауіп-қатер жөнінде әңгімелейтін боламыз. Сонымен бірге , қоршаған орта, құтқару қызметі деген ұғыммен танысамыз.
-- Мен сендерге әр топқа бір сурет беремін. Сол суреттегі мекен бойынша қандай қауіп –қатер орын алу мүмкін. Сол туралы стикерге жазып , суреттің бетіне жапсырамыз және досымызға кеңес береміз.
Орман, жол, теңіз.
Өте жақсы жауап берген топтың жұмысына смайлик жапсыру. Оқушылар бағалайды.
Оқулықпен жұмыс:
-Оқулығымыздағы 86 беттегі суретке назар аударайықшы.
- Қандай қауіп-қатер төніп тұр. Досымызға қандай кеңес бересің.
- Терезеден үңілме!
- Бөтен жануарға жола ма?
- Жол бойында доп теппе!
- Теңізге жалғыз бар ма?
Өте жақсы жауап берген топтың жұмысына смайлик жапсыру.
Оқулықтағы қоршаған орта мәтінін оқу.
Қоршаған орта қызыққа толы. Бірақ онда түрлі қауіп-қатерлер кездесуі мүмкін. Олардан сақтанудың жолын білу қажет.
Аудио арқылы қауіп-қатер – опасность – danger;
қауіпсіздік – безопасность – safety;

құтқару қызметі – служба спасения – rescue service. Үш тілде айтылуымен таныстыру.
Сурет бойынша жұмыс. Суретке қарай отырып қауіпсіздік ережесін құрады.
- Таныс емес адаммен сөйлеспе!
- Ойын алаңда ғана ойна!
- Үлкендерсіз суға шомылуға бар ма. Т.б


Сабақтың қорытындысы

. - Егерде , біз ауырып қалсақ, немесе бұзақ адамды кездестірсек, немесе өрт шықса қайда қоңырау шаламыз. Кімдерді көмекке шақырамыз.
- Дұрыс айтасыңдар , балалар. Олай болса, мен сіздерге керекті тағы бір ақпаратпен таныстырғым келіп тұр. Кітабымыздағы «Сен білесің бе?» айдарына қараймыз.
Оқушыларға оқытамын, түсіндіремін.
- Құтқарушы қызметі қандай болады деп ойлайсыңдар?
Алғашқы көмек бейнебаянмен таныстыру.
Әр топ алғашқы көмек көрсетеді.
1-топ: Есінен танған жағдайда.
2-топ: Сүйек сынғанда
3-топ. Жарақат алған жағдайда.
Шапалақтау арқылы мадақтау.
бас бармақ
Әр топқа мақал беріліп, мағынасын ашу.
Сақ жүрсең, сау жүресің.
Сумен ойнама –батарсың, отпен ойнама-күйерсің.
Қамданған қапы қалмайды.

Пәнаралық байланыс
Қосымша тапсырмалар

«Бағдаршам» ойыны. Оқушылардың қолында үш түс болады. Жасыл, сары, қызыл. Мен әр түрлі суреттерді көрсетемін. Оқушылар өздері қолданатын зат болса, жасыл түсті, ата-анасымен қолданатын зат болса, сары түсті, бұл затқа жақындауға болмаса қызыл түсті қолданады.
Кітап, доп, комьпютер, газ пеш, ойыншық, сіріңке, үтік, қайшы, т.б

Бағалау
Дәптермен жұмыс: 61-бет . Өзен жағасындағы демалыс.
Оқушылар суретті бояп, судағы қауіпсіздік ережесін жазады.
62бет. Алғашқы көмек көрсету құралдары.
«Қауіпті жерлер», «қауіпсіз жерлер» жазуына оқушылар берілген суретті тиісті бағанға орналастыру тиіс.

Кері байланыс: Смайликтер арқылы алу.
Толық меңгердім- жасыл смайлик
Әліде түсінуім керек –сары
Түсінігім аз – қызыл
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Категория: Планирование | Добавил: Сауле81 | Теги: ашық сабақ
Просмотров: 122 | Загрузок: 30 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar