Главная » Файлы » Главная » Планирование [ Добавить материал ]


М.Жұмабаев. «От» өлеңі. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 9-сынып.
Вы сможете скачать через 0 сек.
12.04.2016, 21:04

Жамбыл облысы
Қордай ауданы
Жамбыл ауылы
№26 Жамбыл Жабаев атындағы ОМ
Ерназаров Нурлыбек Кошназарович

9 «ә» сынып. Қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы: М.Жұмабаев. «От» өлеңі

Сабақ мақсаты Күтілетін нәтиже Қолданылатын әдіс-тәсілдер Енгізілген модульдер
М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығына шолу. Мағжан өлеңдеріндегі отаншылдық рух туралы әңгімелеу. Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылық жолы туралы біледі. «От» өлеңіндегі лирикалық қаһарманның сезімін ашады. Өз ойымен сабақтайды. Топтық, жұптық талқылаулар. Белсенді оқыту әдісі. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Үй жұмысын тексеру: Білу
Оқушыларды барлау. Сыныпты сабаққа жұмылдыру. М.Жұмабаев кім?
Қандай өлеңдерін білеміз?
«Пайғамбар» өлеңіндегі лирикалық қаһарман кім?
«Күннен туған пайғамбар» деген сөзді қалай түсінеміз?
«Күн, От» сөздерінің философиясын ашыңдар.
«Күн, От» сөздері тағы қай ақынның шығармаларында кездеседі?
Жаңа сабақ:
Сабақ критерийі:
Мағжан шығармашылығы туралы білу.
«От» өлеңінің мазмұнын меңгеру. Мәнерлеп оқи білу.
Өлеңдегі лирикалық қаһарманды тани білу.

Мағынаны тану:
«От» сөзінің қазақ ұғымындағы мағынасы қандай?
«Отқа табыну» нанымы туралы не айта аласыңдар?
«Лирикалық қаһарман» дегеніміз не?

Мағжан өлеңдерінде ұлттық рух, азаматтық болмыс айқын байқалады. Мағжанның өлеңдері өршіл, рухты. «От» өлеңінде де ақынның ерекше өршіл қайсар рухын, қазаққа тән, түркіге тән болмысын байқауға болады.
«От» өлеңін мәнерлеп оқу ұсынылады.

Өлеңді мазмұндық талдау:
От сипаты:
От – тәңірі, жарық сыйлаушы, жылу беруші, қайрат беруші, өзіне табындырушы тылсым күш, түріктер тәңірі.

Лирикалық қаһарман сипаты:
Өзім – от, оттан туған баламын, күннен туған баламын, сөзім де от, көзімде де от, отқа май құюшымын.

Мағжан бұл өлеңінде бүкіл түркі әлеміне ежелгі рухты, қайратты болмысын есіне салып, ешкімге мойынсұнбауға шақырып тұрғандай.

Өлеңдегі көркемдік құралдар:
Күннен туған баламын – эпитет.
Өзім – күнмін, өзім – от – метафора. Т.б.
«Пайғамбар» өлеңімен салыстыру.
Венн диаграммасы.

«Пайғамбар» өлеңінде: Күн құдіреті, «От» өлеңінде: от құдіреті.
Екі өлеңде де лирикалық қаһарман өзін Күннен, Оттан туған баламын деп қайраттанады.
Екі өлеңде де метафора, эпитеттер, қайталаулар қолданылған.

Эссе:
«Күн менен От құдіреті»

Үйге тапсырма: Мағжан поэмалары.

Категория: Планирование | Добавил: Nurlibek
Просмотров: 1622 | Загрузок: 651 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar