Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык

ІІ кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу конспекті.


26.11.2018, 19:28

ІІ кіші тобына арналған
ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу конспекті.

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»
Тақырыпша: «Бәрі мен үшін»
Білім беру саласы: коммуникация
Бөлім: Қазақ тілі.
Күні:
Тақырып: «Үйде кім бар?»
Мақсаты: Балаларға барлық жағдай жасалғаны туралы түсінік беру. Қысқаша сұрақтарға жауап беру арқылы ауызекі сөйлеуге жаттықтыру.Ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырыптық суреттер.
Сөздік жұмысы: ата–дедушка, әже–бабушка, әке –папа, ана –мама, мен- я.

Оқу қызметін барысы:

Мотивациалық−қозғаушылық кезеңі
Шаттық шеңберіне тұрғызу
М:Қайырлы таң, балалар!
Қаладағы ең жақсы үй,
Балабақша мен білсем.
Әке, ана, сен -...
-Отбасында тағы кім болады?
М:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Менің атым – Мая Акбергеновна. Сенің атың кім?
Б: Балалар аттарын айтады.

Ұйымдастырушылық –ізденістік кезеңі
Жаңа сөздермен таныстыру.
М:
-Балалар! Қараңдаршы, бізге хат келіпті, әдемі хатқалтаның сыртында «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасына деп жазылыпты.
(Ішінде алдын ала салынған балалардың ата –аналарының суреті болады).
- Қандай керемет! Мына суреттерде кімдер бар
Б: Таңдана қарайды.
Әр бала өз анасы мен әкесін айтады.

М: Үлестірмелі материалдағы суреттермен жұмыс.
- Мынау – әке.
- Мынау – ана.
- Мынау - ұл.
- Мынау – қыз.
Б: Балалар көрсетіп, қайталайды.
Б: Білетін балалар жауап береді.

М: Сергіту сәтін өткізу.
Әкем менің қайратты,
Анам менің ақылды.
Ұл мен қызы жарасқан,
Татумыз біз осындай.
Б: Өлең жолдарын қайталап, мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Ойын: «Қайтала, дұрыс көрсет»
Суреттерді көрсетіп, дұрыс атау
Тілдерін жаттықтыруға бірнеше рет қайталатып, мазмұнын түсіндіреді.
Б: тыңдайды және қайталайды

Рефлексиялық түзетушілік
М:Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
«Суреттер сөйлейді» сөзік ойыны. Тақтада ілінген суреттегі бейнелерді атау, бірге қайталау. Жапсырмаларды ретімен жапсыртқызу
Б: Балалар сөздерді бірге және жеке қайталайды.
- Әке.
- Ана.
- Ата .
- Әже.
Жапсырмаларды жапсырады.

Категория: Казахский язык | Добавил: maya71 | Теги: город Петропавловск, улица Мира 201А
Просмотров: 52 | Загрузок: 27 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar