Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык


Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану
25.11.2014, 16:27

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Дидактика саласындағы маңызды мәселелердің бірі – білім беруде ойын технологиясын пайдалану болып отыр.Адамзат ойынның білімдік құндылығын ертеден дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін, зерттеу жұмыстарын саралағанда берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігі байқалады. «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-деп жазады Ж.Аймауытов.
Сабақта орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді.
Оқыту мақсатына қарай тілдік ойындар: лексикалы-фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді. Тілдік ойындардың бұлай бөлінуі шартты түрде ғана, себебі фонетикасыз, фонетиканы лексикасыз, лексиканы грамматикасыз қарастыру, меңгерту мүмкін емес.
Лексикалы-фонетикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – оқушының сөзді дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау, интонацияны дұрыс қалыптастыру. Бұл ойын сабақтың алдыңғы сатысында көп қолданылады. Сабақтың кейінгі сатысында оқушыларды меңгерген лексикалық материалын практикалық тұрғыда қолдану, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрау, оқушыға өз ойын жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру үшін грамматикалық ойындар қолданылады.
Қазақ тілінің ерекше дыбыстарының анық айтылуын оқушыларға меңгерту үшін, мұғалім ойын үстінде тілдің орфоэпиялық, орфографиялық ережелерін де есепке алуы керек. Мысалы, орфографиялық лотоны қолдану арқылы ілгерінді, кейінді ықпал заңын, ерекше дыбыстардың айтылуын оқушылардың берік меңгеруіне ықпал жасайды, оларды шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге үйретеді. Орфографиялық лото үлгісі: бүг..н, жұм..с, кіта..ы, тара..ы.
«Бұл қалай өзгерген» ойыны қазақ тілінің ерекше дыбыстарының айтылуын және әріп түрінде жазылуын оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға тілі келмейтін оқушылармен жұмыс жасағанда, халық ойындары жаңылтпаш, санамақтарды ұтымды пайдалануға болады. Алдымен олардың жеңіл түрін, кейін біртіндеп күрделендіріп берген өте тиімді.
«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтастыруға дағдыландырады.

Үнсіз қимыл
1 оқушы әр түрлі қимылдар көрсетіп, қалған сөздерді басқа оқушылар атап отырады.
Мысалы: отырды, тұрды, жүрді, тақтаны сүртті, қолын көтерді.
«Ұшты-ұшты» -ойыны
Ұшты, ұшты, үкі ұшты
Ұшты, ұшты, түлкі ұшты
Әр түрлі зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, балалардың тілінің дамуында сөйлеу қабілетін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтуде сөздік ойындардың атқарар рөлі ерекше екені дәлелденді. Сондықтан барлық сабақтарда сөздік ойындарын қолдануға болады. Сондай ойынның бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Басқарушы көкөніс, жеміс, оқу құралдары, ойыншықтар т.б. сөздерді атаса, оқушылар сол топқа жататын заттарды атауы керек.

Категория: Казахский язык
Просмотров: 2073 | Загрузок: 961 | Рейтинг: 5.0/1
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar