Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык

Театрға саяхат.


16.11.2018, 15:01

Рыскалиева Нурсулу Абуовна
Учитель казахского языка и литературы в русских классах
КГУ№9, ЗКО, г. Уральск
Сабақтыңтақырыбы:Театрға саяхат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардыңтеатр туралы білімдерін жетілдіріп, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Дамытушылық : Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, дүниетанымын кеңейту, сауатты жазуға баулу.
Тәрбиелік : Театр өнерін құрметтеуге, шеберлерін қадір тұтуға, өз заманымыздың озық ойлы,кең өрісті, мәдениетті азаматын тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі:дәстүрлі сабақ
Пәнаралықбайланыс: тарих, мәдениеттану
Әдістер:шығармашылық ізденіс, сын тұрғысынан ойлау әдістері, баяндау, сұрақ –жауап.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастырукезеңі: амандасу, түгендеу.
І1.Үй тапсырмасын тексеру:159бет, 3-тапсырма
ІІІ.Жаңа сабақ
А). Ой қозғау.Студенттер сұраққа жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады.
- Балалар, мына сөздерді айтқанда ойларыңане келеді, нені еске түсіруге болады?(Шымылдық, қатар, сахна, кейіпкер, қойылым, касса, орын, билет, ойнады, көрермен, әртіс, роль). (Театр)
- Театрдың қандай түрлерін білесіңдер?
-Қаламызда қандай театрлар бар?
(Оқушылар өз ойларын айтады. Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашу. Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру).
Ә).Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс. «Театр туралы»
Театр –өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтінсахналық өнердің бір түрі. «Театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Ең алғаш театр өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. Сахналық өнердің комедия және трагедия жанрлары да сол дәуірден бастау алады. Эллада елінің әртістері қолданған маскалар театр символына айналды.
Қазақ театрының тарихы ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан басталады. Сол жылдары ана тіліміздегі алғашқы драмалық туындылар жазылып, әуесқой әртістердің күшімен сахнада қойылды. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш рет сахналанды. 1918-24 жылдары Ақмолада, Көкшетауда, Орынборда, Шымкентте көптеген драмалық үйірмелер ұйымдастырылды. Ал тұңғыш кәсіби театрымыз 1925 жылы Қызылорда қаласында ашылды. 1928 жылы өнер ордасы жаңа астана – Алматыға қоныс аударып, Қазақ мемлекеттік драма театры атанды.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
2-тапсырма. Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Театр деген не? Мағынасы қандай?
2. Театр ең алғаш қайда ашылған?
3.Қазақ театрының тарихы қай уақыттан басталады?
4. Қай спектакль, қай жерде және қашан алғаш рет сахналанды?
5. Тұңғыш театрымыз қашан және қай жерде ашылды?
6. Қазақ мемлекеттік драма театры қашан ашылды?
3-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.
дұрыс дұрыс емес
Театрда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да өтеді.
Театр ең алғаш Германияда ашылған.
1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
1925 жылдың аяғында Астана қаласында тұңғыш кәсәби театрымыз ашылды.
Эллада елінің әртістерінәіқойылымы театр символына айналды.
4-тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңыз.
1.1926-1930 жылдары/ бастады/ театрлары /ірі /халық / ұйымдаса/ қалаларда.
2.Қазақ/ негізін/ Мұхтар Әуезов- /салушы /драматургиясының.
3. Абай / операсымен/ опера/ балет/ашылды/ және/
театрында/атындағы / «Абай».:
4.Қазақтың/ашылды/ұлттық/театры/жылы/1926
5- тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры
Батыс Қазақстан Облыстық Қазақ Драма Театры - 1992 жылы маусымда қалалық, 1993 жылы желтоқсанда облыстық қазақ драма театры болып құрылған. Театр Мұхтар Әуезовтің “Қарагөз” қойылымымен шымылдық ашты. Одан кейінгі жылдары Қадыр Мырзалиевтің “Қасқыр қақпан”, Е. Домбаевтың “Айналайын ақ келін”, “Ғашықтық туралы баллада”, С. Асылбековтің “Бір түнгі оқиға”, Ә. Оразбековтің “Бір түп алма ағашы”, т.б. шығармаларды қойды. М. Әуезовтің “Абай” (1995), “Еңлік — Кебек” (1996), “Айман — Шолпан (1997) драмаларын сахнаға шығаруы жас өнер ұжымының шеберлігі шыңдалып, күрделі классикалық туындыларды игергендігінің дәлелі болды.
Қаламызда 2002 жылдың 11 – қыркүйегінде жаңа театр ғимаратының ашылуы республикамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. ҚР Президенті Н.Назарбаев қазақ драма театрының ашылу салтанатына қатысты. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанда салынған бірінші театр және Орал қаласындағы тарихи орталықтың бірегей объектісі болып саналады. Театрдың бас көрермендер залы 280 орындық. Сахнаның көлемі - 15х21м. 2 әзірлік өткізетін залы, қоғамдық шаралар өткізетін холы, құрметті қонақтар үшін зал, декорация дайындайтын цех, қазіргі заманғы топ-студия және қосымша жайлары бар. Театр ұжымы өзінің 13 жылғы қызметінде 2 рет республикалық театрлар фестивалінде жеңімпаз атанып, республикадағы ең үздік театрдың бірі болды. 2005жылы театр ұжымы Қазақстанның драма өнерін көрсету құрметіне ие болып, Египетте өткен халықаралық театрлар фестиваліне қатысты. Қазақ драма театры әр түрлі өнер туындыларын жүзеге асыруда қоғамдық өмірдегі нағыз мәдени орталыққа айналды.
6-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құраңыз.
7-тапсырма.Мәтіндегі туындыларды,театрының,драмаларын сөздеріне морфологиялық талдау жасаңыз
Бекіту:Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.Қазақтың тұңғыш театры қай қалада ашылған?
a) Қызылорда
b) Алматы
c) Астана
d) Тараз
2. «Еңлік-Кебек» пьесасын жазған кім?
a) М.Әуезов
b) М.Қаратаев
c) Е.Брусиловский
d) А.Құнанбаев
3. Өнер ордасы қай жылы жаңа астана – Алматыға қоныс аударды?
a) 1925жылы
b) 1928жылы
c) 1929 жылы
d) 1932 жылы
4. Қазақ театрының тарихы қай уақыттан басталады?
a) ХХ ғасырдың 16-17жылдарынан
b) ХХ ғасырдың 17-18жылдарынан
c)ХХ ғасырдың 13-14жылдарынан
d)ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан
Үйге тапсырма :«Театр туралы» мәтінді әңгімелеу.
Бағалау .

Категория: Казахский язык | Добавил: ryskalieva43
Просмотров: 19 | Загрузок: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar