Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык

" Тіл тірегім - соғып тұрған жүрегім"


15.10.2018, 22:19

«Шал ақын ауданы Приишимка орта мектебі»КММ

«Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім»
( сайыс)

Өткізген: Муканова А.С.

2018 -2019 оқу жылы

Мақсаты:
Білімділік: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,мәртебесін көтеру.
Дамытушылық:Танымдық,ақыл-ой,логикалық пайымдау қабілеттерін дамыту,пәнге қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік:Өз ойларын нақты,дәл айта білуге
баулу,жылдамдыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: кеспе қағаздар.

Барысы:
I.Ұйымдастыру. Сайыстың мақсатын хабарлау.
1.Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығы.
II.Кіріспе сөз.
Мұғалім:
–Құрметті оқушылар!Ел ертеңі –білімді ұрпақ дегендей,тәуелсіз Қазақстанның болашағы өздеріңнің қолдарында.Еліміздің көк байрағын білім кеңістігінде желбірететін қазіргі таңдағы жас жеткіншіктер. Олай болса, «Тілім-тірегім,соғып тұрған жүрегім» атты тіл сайысымызды бастайық.Бүгінгі сабақтың негізгі мақсаты– басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, Оқушыларды ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке,шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып,ойлау қабілеттерін,ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру,шығармашылық қабілетін дамытуАна тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға,мақтан тұтуға тәрбиелеу
III.Сайыстың өтілу барысының ережесі мынадай:
1.Тыныштық сақтау;
2.Бірін-бірі тыңдау;
3.Сұраққа толық жауап беру,ойын ашық айту.
IV. Оқушылар екі топқа бөлініп,бір-бірімен жарысқалы отыр.
Ал,балалар!
Сіздерді сайысқа шақырамын,
Сұрақтармен бастарыңды қатырамын.
Әр пәнді сендерге ұғындырып,
Аз да болса білімдеріңді толтырамын
Олай болса сайысқа қатысатын топ мүшелерін ортаға шақырайық. «Жас ұлан» 3 «Б» сынып және «Топжарған» 4 «Б» сынып
Бүгінгі сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
• Көркем сөз.
• Дода.
• Сөз мәйегі – мақал.
• Кім жылдам?
Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім,терең ой саналады.
Баға беріп сарапшылар ортамызда,
Сіздерге құрметпеннен қол соғады
Сіздердің білімдеріңізді бағалайтын сарапшы әділқазыларымызды сайлап алайық.
– – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
– – қазақ тілі пәні мұғалімі.
– – тәлімгер
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық», – деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.
Құрметті қатысушылар сіздер өз топтарыңызды таныстырсаңыздар
I топ: «Жас ұлан».
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің – «Жас ұлан».
II топ: «Топжарған».
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің – «Топжарған».
Қазылар алқасы екі топтың бағасын берсеңіздер

І кезең. «Көркем сөз» сайысы.
Үйге берілген тапсырма.Әр топ тілдер туралы дайындап келген өлеңдерін оқиды.
ІІ кезең. «Дода».
Бұл кезеңде әр топқа сұрақтар қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.
І топқа.
-Бүгін аптаның қай күні?
-Кәзір қай мезгіл?
-Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
-ҚР-ның мемлекеттік тілі?
-Сынып жетекшіңнің аты жөні?
-Қазақстанның туының түсі қандай?
-бірден беске дейін үш тілде санап шық
ІІ топқа.
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Күз айларын ата
-Қазақ әліпбиіндегі екінші әріпті ата?
-ҚР ның президенті?
-Парталас досыңның аты жөні?
-«Сәлем» сөзін үш тілде айтып шық
ІІІ кезең. «Сөз мәйегі – мақал».
Әр топ Отан, тіл, достық туралы мақалдардың жалғасын тауып қағазға жабыстырып шығады. Соны топ мүшелері шығып оқып береді.
І топ – «Жасұлан».
1.Туған жердей жер болмас, …. (туған елдей ел болмас)
2.Оқусыз білім жоқ– ….(білімсіз күнің жоқ)
3.Ер жігіт ел үшін туады,…. (ел үшін өледі)
4.Отан оттан да …. (ыстық)
5.Күш білімде,…(білім кітапта)
ІІ топ – «Топжарған».
1.Отансыз адам, …. (ормансыз бұлбұл)
2.Ер елінде, …. (гүл жерінде)
3.Туған жердің күні де ыстық,…. (түні де ыстық)
4.Өзге тілдің бәрін біл,…. (өз тіліңді құрметте)
5.Өнер алды –…. (қызыл тіл)
ІҮ кезең. «Кім жылдам?» жұмбақты шешіп жауабын үш тілде айту керек
Қабат-қабат қаптама. Ақылың болса аттама.
«кітап»

Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)
Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Шықпайды үйден,
Тоны - жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады. Мысық
Мұғалім: Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімде-кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
«Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ, барымыз. Тіл мерейі – ел мерейі. Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін!» – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін.Осы сайыста сендер өздеріңнің алған білімдеріңді ,өнерлеріңді көрсете білдіңдер..Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап,биіктерден көрінуге тілектеспін! Жеңімпаз топты анықтау үшін сөзді әділқазыар алқасына береміз.
Сайыс жеңімпаздары марапатталады.

Туған жердей жер болмас,
..............................................

Оқусыз білім жоқ,
.................................

Ер жігіт ел үшін туады,
.........................................

Отан оттан да .........

Күш білімде,
..................................

Отансыз адам,
..........................
Ер елінде,
......................
Туған жердің күні де ыстық,
............................................
Өзге тілдің бәрін біл,
.........................................
Өнер алды
...................................

туған елдей ел болмас
білімсіз күнің жоқ
ел үшін өледі
ыстық
білім кітапта
............................................................................
ормансыз бұлбұл
гүл жерінде
түні де ыстық
өз тіліңді құрметте
қызыл тіл

Категория: Казахский язык | Добавил: Asel198787
Просмотров: 28 | Загрузок: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar