Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык

Жоба тақырыбы: «Мұғалім портфолиосы- кәсіби құзыреттілікті дамыту құралы ретінде»


17.08.2018, 08:30

Шағын жобаның мазмұны

І. Кіріспе
1. Жобаның қысқаша негіздемесі
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері
3.Күтілетін нәтижелер
ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
1. Теориялық негіздемесі
2. Жоба өнімнің сипаттамасы
3. Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау
ІІІ. Глоссарий
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
V. Қосымша

Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдай жасау;
Оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтарды игеруі тиіс.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру- бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың құзырлығын қалыптастыруда және ақпараттандыру туралы тұжырымдамада, қоғамдық жұмыс жоспарларын жасақтау қажет. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Сол себепті қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің құзырлығын, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.
Мұғалімнің жеке жетістігін бағалау, жинақтау және есепке алу тәсілі ол – мұғалім портфолиосы. Мұғалім портфолиосы- кәсіби құзыреттілікті дамыту құралы.

Портфолио – белгілі бір уақыт аралығында оқытушының жұмыстағы, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік қызмет саласындағы құзыреттіліктерін айқындай отырып, жеке жетістіктерінің негізінде өз бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін жинақ.
Мақсаты:
Педаготардың практикалық икемділігі мен дағдысы деңгейлерін анықтау, оқыту барысында инновациялық идеяларды, формалар мен әдістерді іздеп, тәжірибе алмасу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы пән педагогтардың кәсіптік құзырлығын көтеру, педаготардың озық іс-тәжірибесін тарату.
Міндеттері:
. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша ерекше идеялар мен педагогикалық жетістіктерді айқындайды және таратады;
.Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
.Педагогтердің білім беру процесіне оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін енгізуіне қозғау салады;
.Педагогтердің креативтік және шығармашылық ізденістерін ынталандырады.
Өзектілігі:
Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсу қажеттілігіне негізделуі мен оқушылардың құзыреттілігіне дамытуға бағытталауында.
Күтілетін нәтижелер:
. портфолионы енгізудің өзектілігін арттыру;
. портфолио арқылы шешілетін педагогикалық міндеттерді білу;
. портфолионың әр түрлі формаларын түсіну;
. портфолио мазмұнының үлгісін білу;
. жобаларды презентациялау және қорғай білу;
Негізгі педагогтардың потфолиосы дегеніміз ол- педагогтың барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.Оқытушы портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Оқытушы портфолиосы – жеке кәсіби жетістіктерін, оқушыларды оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы нәтижелерін, мұғалімнің білім беру саласына қосқан үлестерін біріктіретін жеке папкасы болып табылады. Портфолио – өзінің практикалық іс- әрекет нәтижелерін көріп, кәсіби құзырлылығын бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Портфолио – бұл педагогтың өздігінен білім көтеруде жинақталған құжаттары және өзінің кәсіби іс-әркет нәтижелеріне баға беруі мен саналы түрде ұғынуында пайдалануы.
Оқытушы құзыреттілігі – оқушының өз білімін, білігін және дағдысын кез келген жағдайда тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын еңбек нәтижесінде алынатын жаңа сапа.
Портфолио білім берудің белгілі бір кезеңінде оқытушының даму траекториясын, оның өзі, ата-аналары және оқушылары бірге отырып, объективті, әділ бағалар, реттеуге, түзеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге көптеген тәжірибелер көрсеткендей ол ерекше мотивациялаушы және ынталандырушы фактор болып табылады.
Мұғалім портфолиосының артықшылығы:
. Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
. Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
. Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;
. Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі;
. Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты;
. Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы;
. Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.
Портфолионы жасақтау қиындықтары:
. Төмен мотивация, жұмысқа қызықпау;
. Тәжірибенің аздығы, біліктілігі төмендігі;
. Өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы;
. Рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы.
Мұғалім портфолиосының негізгі функциялары:
. Жинақтаушы: мұғалім жұмыстарының жиынтығы;
. Үлгілеуші: мұғалімнің жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы;
. Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау
Мұғалім портфолиосының түрлері:
. Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін);
. Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).
Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері:
1. «Автопортрет» бөлімі
2. Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.
3. «Ақпараттық ресурстар» бөлімі
4. Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсіндірме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер.
5. «Жұмыс материалдары» бөлімі
6.Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты және құнды ақпараттар мен мәліметтер.
7. «Менің жетістіктерім» бөлімі
8. Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен ынталану жолдарым.
Мұғалім портфолиосының мазмұны
. Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі
. Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары
. Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
. Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары.
. Өзіндік зерттеу мәселелер мен танымдық тапсырмалардың шешімдері.
. Өзекті мәселелер мен танымдық тапсырмалардың шешімдері.
. Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).
. Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.
. Жалпылау материалдары (сызба-кестелер, графиктер мен диаграммалар).
. Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары.
. Берілген қосымша тапсырмалардың қорытындылары.
. Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар.
. Ұжымдық және ғылыми-әдістемелік жобалар.
. Авторлық бағдарламалар мен балама оқу құралдары.
. Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері.
. Әдістемелік нұсқау-жинақтарының қысқаша аннотация, рецензиялары.
. Портфель авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).
Мұғалім портфолиосын дайындау технологиясы
1. Мұғалімдерді ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз.
2. Потфель типін анықтау жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы.
3. Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау.
4. Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.
5. Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы.

Глоссарий

Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Оқыту – мұғалім мен оқушының мақсатқа бағытталған бірлескен іс-әрекеті, яғни тұлғаның дамуын, білім алуын, тәрбиеленуін жұмыс барысында жүзеге асыру.
Құзыреттілік – жеке сапа (немесе тұлға сапасының өзара жиынтығы), әрекеттің жүзеге асырылуы мүмкіндігі, басқаша айтқанда бұл қабілеттілік негізіндегі танымдық және өмірлік тәжірибелік тапсырмаларды өзіндік шешуді қамтамасыз ететін білімділіктің деңгейі.
Білім сапасы – мақсат пен жетістік байланысы. Тұтынушының сұранысын қанағаттандыру деңгейі (оқушы, студент, оқытушы, өндіріс, қоғам), өмірлік әрекет тиімділігіне түлектердің жарамдылық деңгейі.
Тұлғалық өсу – бұл үрдісі сарынының құрылуына арналған, рефлексия, автономдық, шығармашылық ой, сын тұрғысынан ойлау т.б.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. МББҚБА және КДИ Смағұлова Ғ.Қ «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің негізгі құзыреттіліктерін дамыту» семинар тренингінің мануалы.
2. Новикова Т.Г. Анализ разработки портфолио на основе зарубежного опыта./Развитие образовательнных систем в контексте модернизации образования.-М.:АCADEMIA,АПК и ПРО, 2003,(с.70)
3. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану әдістемесінің тиімділігі мен эксперимент мазмұны // Бастауыш мектеп. – Алматы,2009. (№1.Б.6-9)

Категория: Казахский язык | Добавил: Aidana0506
Просмотров: 50 | Загрузок: 35 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar