Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык

"Қазақтың ұлттық ойындары" Әдістемелік құрал


13.04.2018, 22:25

Қазақтың халқы негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Мектепте қазақтың ұлттық ойындарды өткізудің тәрбиелік мәні өте зор. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, сабырлықты, шапшаңдықты тағыда басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принцптеріне негізделген. Өйткені ойынға қатыспай тұрып –ақ оған күні бұрын тер төгіп дайындалуға тура келеді.Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындарының негізгі шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық әрекетінен бастау алады. Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам жоқ. Үлкен де кіші де ойнап көңіл көтереді, бір нәрсеге беріле қызығады, әр жетістіктен қанағат табады.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындарын таныстыру, баланың денесін, тұлғасын жетілдіріп, дамытыу. Сонымен бірге ақыл-ойын, ұлттық рухын, сана-сезімін, намысында қалыптастыратын тәрбие беру.
Міндеті: 1.адамгершілік ой талабының өсуіне,
2.өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеуге,
3.адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуге
4. жас ағзаның дұрыс та сергек өсуіне,
5.ойын ойнаған кезде ерлікті,
6.өжеттікті,
7.батылдықты,
8.шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы өзекті мәселелердің бірі болғандықтан қазақтың ұлттық ойындарын сабағымызда пайдалану.

Категория: Казахский язык | Добавил: 87789338246 | Теги: Карасуский район
Просмотров: 29 | Загрузок: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar