Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]

Ашық сабақ "Астана қаласы"

Вы сможете скачать через 0 сек.

31.10.2017, 16:15
Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы.Сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: білімдері мен түсініктерін кеңейту, сан есімдерді
практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру;тындаушылардың
дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу
қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау
дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін,басты қаламызға
патриоттық, мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне
көмек беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
б) Тілдік ортаға ену (Бейне ролик Мозес Зибо)
*Өте қызықты бейне.
–Сіздер үшін мемлекеттік тілді,қазақ тілін меңгеру не үшін керек?
в)Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою (Презентация)
Қалай ойлайсыздар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
г) Топқа бөлу.
-Сабаққа қатысуға көңіліміз қалай?
Екі түрлі смайл бойынша көңілдерімізді білдіріп,екі топқа бөлінеміз.Құрметті тындаушылар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан өз білімдерімізді жақсылап көрсетуге тырысыңыздар.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Бүгінгі сабақта өзіміз туып өскен жеріміз, бас қаламыз туралы әңгімелесеміз.Жаңа сабақты бастамас бұрын үй жұмысын тексерейік.
Үй тапсырмасы туған жер,Отан туралы мақал мәтелдерді жаттап келу болатын.Кім дайын?
*Өте жақсы!
* Ал енді,жұмысымызды бастайық.Бүгін біз сабағымызды жас қала, әсем қала, бейбітшілік қаласы Астана қаласымен танысамыз.
*Мәтін бойыншы жұмыс жүргіземіз.
Мәтінді оқымас бұрын сөздікпен танысайық.
Тұрғын – житель Орналасқан - расположены
Орталық – центр Көшірілді - перенесенна
Ғимарат – здание Жарлығы – указ
Бой көтерді – выстроились Өзгертілді - переименован
Қасиетті – священный Рәмізі – символ
Ғимарат - здания Сол жағалауында – на левом берегу
Ескерткіштер- памятники Гүлденуде – цветет
Зәулім – высотный (ые,ое) Мекемелер – учреждения

Мәтін бойынша топта жұмыс жүргізу.Сөйлемдердің мағыналарын түсініп оқу,аудару. Тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.Топтар мәтін бойынша бес сұрақтан құрастырып, бір-біріне қояды.
Категория: Казахский язык
Просмотров: 27 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar