Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]

Тіл тағдыры- ел тағдыры

Вы сможете скачать через 0 сек.

11.10.2017, 18:44
Сабақтың тақырыбы: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
Мақсаты: өткен материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін, сөз қорларын, білім деңгейлерін байқау; мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мәнерлеп оқуға, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге, мазмұнын түсініп, аудара білуге, өзара сөйлесуге, берілген сұрақтарға жауап бере білуге дағдыландыру; қазақ тілін оқып - үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, тіл тағдыры – ел тағдыры екендігін, қазіргі уақытта қазақ тілін білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік рәміздерін, Ата заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтеуге баулу;
Сабақтың түрі: тіл дамыту сабағы
Әдісі: сұрақ –жауап, аудару, іздендіру,қорытындылау, әңгімелеу;
Көрнекілік: сөзжұмбақ, қосымша мәтін, слайдтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру: сөздерді жаттау, аудару.
Ұлан-байтақ, мәртебе, рәміз, заң, Ата заң, адамзат, қоғам, маңызы, игілігі, тәрбие, қасиет,іс.
3. Өткенді қайталау:
1. Тапсырма. Берілген атақты адамдардың сөздерін толықтырып, жазыңдар.
1.Тіл жоқ жерде, ... .
2.Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ... .
3. Игі істің басы - ... , ... .
4. Тілден артық қазына жоқ, ... .
5. Көп тіл білу - ... .
6. Тіл - ұлттың ... .
7. Тіл – халық ... .
2. Берілген мақал – мәтелдерді аяқтаңдар. (ауызша)
1. Тіл – білім ... .
2. Өнер алды - ... .
3. Жақсы сөз - ... .
4. Шешеннің тілі ... .
5. Басқа пәле - ... .
6. Шешен сөз бастар, ... .
7. Ана сүті ... .
Ана тілі ...,
3.Мәтінмен жұмыс.
–мәнерлеп оқу, аудару;
-көптік жалғаулы сөздерді табыңдар
-септік жалғаулы сөздерді табыңдар
-тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңдар
-жіктік жалғаулы сөздерді табыңдар

Тіл – ұлттың игілігі
Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан – ұрпаққа қатынас құралы рентінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түркмен, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хаказ, якут, т. б. халық тілдері кіреді. Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары – ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай – балқар тілдері.
Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, т. б.), шетелдерде (Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия, т. б.) тұратын қазақтардың да ана тілі.
Халықтың ұлт болып қалыптасуы мен тәуелсіз мемлекет болуының басты негізі – оның ана тілі.
Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Ол Қазақстанда 1989 жылы 22 қыркүйекте мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білімді, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні.
Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік рәміздерін, Ата заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтейді.
Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір талабы. Кісі көп тіл меңгерген сайын оның өміріндегі табыстары арта түседі, мүмкіндіктері мол болады.
- Мәтін бойынша өзара сөйлесу. Сұрақ –жауап.
4.Сөзжұмбақ шешу.

Ерекшеленген сызықтан қандай сөзді оқуға болады? (Қазақстан)
Қазақстан туып – өскен жеріміз.

4.Қорытындылау. Сұрақтар.
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіз ел болып жарияланды?
3. Мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
4. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін атаңдар.
/қазақ тілі/
Қ

А

З

А

Қ

Т

і

л

і


Қазақ, адамзат, заң, ақыл, қоғам;
Тарих, ілім, лұғат, іс;
6. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? Қай айда, қай күні?
7. Қазақстан халықтарының тілдері күні - қай күн?
5.Үй тапсырмасы. Сұрақтарға жауап жазыңдар.
1. 22 қыркүйек қандай күн?
2. Қазақстан Республикасының халықтары қалай тұрады?
3. Қазақстанның азаматы нені құрметтейді?
6. Бағалау.

Қорытындылау. Сұрақтар.

1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіз ел болып жарияланды?
3. Мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
4. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін атаңдар.
6. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? Қай айда, қай күні?
7. Қазақстан халықтарының тілдері күні - қай күн?

Тіл – ұлттың игілігі
Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан – ұрпаққа қатынас құралы рентінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түркмен, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хаказ, якут, т. б. халық тілдері кіреді. Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары – ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай – балқар тілдері.
Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, т. б.), шетелдерде (Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия, т. б.) тұратын қазақтардың да ана тілі.
Халықтың ұлт болып қалыптасуы мен тәуелсіз мемлекет болуының басты негізі – оның ана тілі.
Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Ол Қазақстанда 1989 жылы 22 қыркүйекте мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білімді, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні.
Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік рәміздерін, Ата заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтейді.
Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір талабы. Кісі көп тіл меңгерген сайын оның өміріндегі табыстары арта түседі, мүмкіндіктері мол болады.
Категория: Казахский язык
Просмотров: 57 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar